Ислам
1) Исламның пайда болу қарсаңындағы Арабиядағы діни ахуал
2) Ислам дінінің тарихи қалыптасуы
3) Мұхаммед пайғамбар және оның уағызы. Құран және ислам ілімі
1-сұрақ: Исламның пайда болу қарсаңындағы Арабиядағы діни ахуал
Басқа да әлемдік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ислам жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайларға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр.
Біздің дәуіріміздің VII ғасырында Таяу Шығыстың жүрегі аталатын Араб шығанағында саяси және діни тұрақсыздық орын алды. Көшпелі және отырықшы араб тайпаларының бас араздығы салдарының бір кездегі қуатты мемлекеттер ыдырап, аймақтағы ықпалынан айырылып қалды. Оның халқы теріскейінде негізінен христиандықты, онтүстігінде иудаизм мен көпқұдайлықты уағыздады. Бұл жиі әскери қақтығыстарға соқтырып отырады.
Ол кездері Африка мен Йеменнен Палестинаға және Месопотамияға өтетін сауда жолы қуатты Византия империясы мен Сасанидтер Иранын, Химьярит және Аксум патшалықтарын байланыстырып тұратын. Осы сауда жолы бойында орналасқан Мекке қаласы араб жұртында біртіндеп алға оза бастады. Оның маңында жыл сайын өтетін сауда жәрмеңкесіне барлық араб тайпалары жиналып, бас қосатын болды. Ханифшілер иудейлік және христиандық үлгілерімен бір құдайға табынуды жақтады. Бірақ олар күмәнді болды. Әдетте басымдыққа ие болған тайпа көсемі немесе мемлекет басшысы бір дінді қалап, соны уағыздайтын. Яғни дін күшпен орнап, сол күштің, саясаттың қызметшісі болатын. Ал VII ғасырдағы Араб елінде оқиға мүлдем басқа жолға түсті: жаңа, хақ дінді саясатшы көсем емес, дін уағыздаушысы, Алланың елшісі насихаттап, Атлантикадан Үнді мұхитына дейін созылып жатқан аса қуатты мемлекет – Араб халифатын орнықтырды.
Біздің заманымыздың VII ғасырында Араб түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректер мен аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер иелері болуымен бірге, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.
Мекке ерте заманнан-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су көзі, оның жанындағы Әулие Қағбатас көшпелі бәдәуилердің өз құдайына табынатын орны болды. Олардың бейнесі Қағбаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Қағба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректер де бар.
Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп, тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек болды. Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханиффизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде қалыптасты.
Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғышарты болды. Жаппай, жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасына жіберген өкілі бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің рөлін меккелік орта саудагер Мұхаммед (с.ғ.с) атқарды (Құдайдың пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед (с.ғ.с) ханифтер табынан шыққан). Ол 610 жылы жаңа дінді уағыздай бастады. Ислам дініндегі жалғыз құдай – Алла – құрайыш тайпасының құдайы болатын. Мұсылмандардың Аллаға тағзым ететін орталығы Қағба болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы себептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандар орталығына айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.
2) Ислам дінінің тарихи қалыптасуы
Ислам діні Қазақстанға VIII ғасырдың соңынан бастап IX ғасырдың басында тарай бастады. 766 жылы Карлуг Ханы Қазақстанның Жетісу және Оңтүстік аймақтарын жаулап алып, мүсылман мәдениетін таратты. X ғасырдың басында Карахандықтар мемлекетін күрған Сатук абд аль-Керим Богра ханның (915-955) баласы 960 жылы Исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады.
Дегенмен, кең байтақ Қазақстан жеріне X ғасырда ислам діні толық таралды деп айту киын. Себебі, осы күнге дейін ислам дінінің Қазақстан жеріне таралу мәселетеушілердің пікірінше, Ислам діні біздің еліміздің оңтүстік аудандарына, атап айтқанда, Орта Азия мен Кавказға VII ғасырда тарала бастаған десе, екінші біреулері Ислам діні Орта Азия мен Қазақстан жеріне ІХ-Х ғасырда енді дегенді айтады. Исламның VIII ғасырда Қазақстан жеріне енгенімен, бұл діннің өте ұзақ жылдар бойы кең байтақ қазақ жеріне таралғанын барлық зерттеушілер қолдайды. Бүған қосымша Ш.Уэлиханов-тың Ислам қазақ жеріне XIX ғасырда ғана толығынан таралды деген көз-қарасы да бар.
Ислам қазақ жеріне толық орнағанымен, оның даму «деңгейі» әрбір аймақта бірдей емес. Бүндай ерекшелік тек Қазақстан жеріне ғана тән емес, ол қазіргі зерттеулер бойынша дүние жүзіндегі мүсылмандық елдерінде де осы секілді ерекшеліктері бар. Ең жиі кез-десетін көзқарастар: миссионерлік көзқарас — Исламды қазақтар үгіт-насихаттың күшімен, формалды түрде қабылдады, үлттық әдет-ғүрыпқа тигізген әсері шамалы деген көзқарас.
Екінші көзқарас, Реставраторлық пікір — қазақтың өзіндік, үлттық діндеріне: шамандық, зорастризмдік, тәңірлік діннің ықпалы басым, сондықтан Ислам қазақтар үшін негізгі дін емес. Үшінші көзқарас, қазақтар ислам дінін Орта Азия және Еділ бойы халықтарының ықпалымен қабылдаған деген тағы сондай көзқарастар бар. Осылардың барлығы бүл мәселенің күрделілігін білдіреді. Әрбір көзкарастардың өзіндік дәлелі бар. Мысалы, анимистік көзқарасты алып қарастырсақ, осы күнге дейін қазақтардың арасынан мынадай сөздерді естуге болады: «Иә аруақ, иә Құдай, қолдай көр, пәле-жаладан сақта!». Бүндай пікір туралы Ш.Уәлиханов: «Қазақтар өмірдің қиын сәттерінде өздерінің ата-бабаларының есімдерін еске алады. Ал, кез келген табыс аруақтың қолдауымен бола¬ды деп есептейді» — деп жазған немесе қазақтардың пікірлесу кездерінде мынадай сөзді жиі естуге болады: «Әруақ ырза болмай, тірі байымайды» деген сөзді. Міне, осылай сан-алуан ерекшеліктерін корсе¬те беруге болады. Осының арқасында қазақтың діни жүйесі бірінен соң бірі келетін діндер деп қарастыруға да болмайды. XI ғасырда қазақ жеріне көптеген діндер сіңіп таралған болатын. Тек нақтылы тарихи кезеңдерде, ұлттық саяси-идеологияның қалыптасу кезінде, қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуында Ислам діні басым болды да, ол «үлттық» дінге айналды. Себебі ислам діні қазақ елінің көшпелі жеріне, әдет-ғұрыптарына баска діндерге қарағанда икемді де, тәжірибелі де болды. Ислам дінін қабылдай отырып, қазақ діни өкілдері ол діннің кейбір уағыздарын өзгертіп, оларға ғасырлар бойы өздерінің санасына калыптасқан ескі діни үғымның пішінін береді. Мүнымен бірге Ислам дінінің өзі де жергі-лікті діндердің ықпалымен өзгере бастайды. Сонымен, Ислам «ұлттық» дінге айналады. Қазіргі қазақ ұлттық минталитеті бойынша қазақтардың басым көпшілігі «қазақ» деген ұғымды «мүсылман» деген үғыммен бір-дей қабылдайды.
Жоғарыда көрсеткендей, Қазақстанға Ислам діні караханидтер (ХІ-ХІІ ғғ.) түсында да едуір таралды. Әсересе, В.В.Бартольдтың айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерлердің бәрінде XIV ғасырда Ислам діні үстем дінге айналды. Сондықтан монғолдар жаулау тұсында да бүл дін қазақ даласында бірте-бірте тамыр жая бастады. Ақсақ Темір тұсында Ислам дінінің маңызы мұнан да жоғары көтерілді. Себебі, Темір заманында ірі қалаларда мешіттер салынды. Темір Ислам дінінен басқа діндерге қарсы болды. Ол Ислам дінінің идеологиясын нығайтты.
Ислам дінінің таралуының тағы бір себептері Орта Азиядағы Ис¬лам дінінің орталықтары Хиуа мен Бүхара үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар көрші елдермен қатынаста (тәжік, татар, азербайжан) олардың исламдық көзқарастары да әсер етті. Ислам діні казақ даласына енген сайын бүл байланыс діни негізде нығая түсті.
Қазақ еліне Ислам дінінің ағымы суфизм таралды. XII ғасырда қазақ жерінен шыккан атақты дін ғүламасы Хозрет Сүлтан Ахмет Яссауидің (1105-1166) діни ілімімен суфизмнің ясовизмдік ағымы таралды деп айтсақ та артық болмайды.
Яссауи араб-парсы мәдениетінің гүлденген заманында өмір сүрді. Яссауидің негізгі діни пікірлері «Хикмет-нэме» деген өлеңдер жинағында баяндалды. Бүл өлеңдер жинағында Исламдық діни нанымды одан да жоғары көтерді.
Яссауидің өшпес даңқын эрі қарай көтерген адам Ақсақ Темір (1336-1405) болды. Ол Яссауидің моласының басына көптеген Шығыс елдерінен таңдаулы тас оюлағыш өнерпаздарды, әскери күлдарды алып келіп мешіт тұрғызды. Кейіннен осы мешіттің маңында Түркістан қаласы пайда болды.
Жалпы Ислам дінінің қазақ мәдениетінің даму үрдісіндегі рөлдері әлі де жете зерттеліп біткен жоқ. Ондай ғылыми зерттеу әлі алда деп ойлаймыз. Қазіргі кезде Қазақстан егемендік алғаннан бастап, өз елінде жеке дербес Мүсылман орталық қауымы (ДУМ) ашылды. Жылдан жылға мүсылман мешіттері көптеп ашылып, емін-еркін әрбір мүсылмандар өз діни қажеттілігін орындауға мүмкіндік жағдай туды.
3-сұрақ: Мұхаммед пайғамбар және оның уағызы. Құран және ислам ілімі
Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Абдолла Бен Абдул-Муталиб Мүхаммед туған кезде сауда-саттық жолда жүріп, Ясриб қаласында өз баласын көре алмай қайтыс болды. Анасы Амина 4 жаска дейін баласын «ауылға», бедуинге — Халима ас-Саадияға беріп асыратты. Мұхаммед 6 жасқа толғанда анасымен Ясриб қаласына қонаққа барып, ал қайтар жолында анасы Амина қатты ауырып, Абве қонысында дүние салады. Мүхаммедтің атасы Абдул-Муталиб Мүхаммедті 8 жасқа дейін тәрбиелейді. Атасы дүние салғаннан соң, немере ағасы Абу-Талиб Мұхаммедті өзінің жанүясына алады.
12 жасынан бастап Абу-Талиб Мүхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттық жасағанда алып жүреді. Мүхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды. Сонымен қатар, Хувайлиданың қызы Хадиджа (жесір әйел) Мүхаммедке ірі тауарлар беріп, сауда-саттық жасатады. Қатарынан екі рет алыс елдерге барып, Хадиджаның товарларын сатып, үлкен олжамен қайтқаны үшін, оның адалдығы үшін, Хадид¬жа Мүхаммедке түрмысқа шығуына ризашылығын беріп, үйленеді. Ол кезде Мүхаммед 25 жаска, ал Хадиджа 40 жасқа толған кездері болатын. Осындай жастық айырмашылыққа қарамай, олар бақытты өмір сүреді. Хадиджа болса Мүхаммедке 6 бала: екі үл, төрт қыз туады. Өкінішке орай Фатимадан басқа балалары Мүхаммедтің тірі кезінде өледі. Хадид¬жа Мүхаммедтің тек әйелі ғана болған жоқ, ол ең жақын досы болды. Мүхаммедті барлық жағынан қолдап жәрдем беріп отырды. Мүхаммед болса Хадиджаны сүйгенінен жэне сыйлағанынан, оның тірі кезінде бас¬ка әйел алған жоқ.
Мүхаммедтің қай кезде, неше жаста дін жолын бастағанын ешкім де айта алмайды. Бірақ білетініміз ол өз уақытында көптеген діндермен таныс болғандығы. Сауда-саттық жолда, көптеген елдерге барып, олардың діндерімен танысты. Меккенің өзінде де көптеген діндер болғандығын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бірақ Мүхаммед осы діндердің біреуін де қабылдамай өз жолымен жүрді.
Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхаммедтің (с.ғ.с) аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды.
Дін – Құранның негізгі нұсқасы, ол жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште Құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты. Пайғамбар (с.ғ.с) мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткен оқиғалар мен болашақтың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан, Құран – өмірдің шын мәніндегі ережесі және кез келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешкім де шек кел¬тіруге тиіс емес. Өйткені, оны Құдайдың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді.
Құран ертедегі араб тайпасы Куфа тілінде, қара сөзбен жазылған. Бұл тілді білмейтіндер оның әсерлі үнінен ғана рахат көреді. Құранда барлығы 114 сүре, 6225 аят бар. Әр сүредегі аят саны біркелкі емес: кіріспеден екінші сүреде 286 аят, ал 110 сүреде небәрі 3 аят қана бар. Қазіргі Құранның өзі де әртүрлі. «Медине құранында» аяттардың саны 6000. «Куфа құраны» мен үнді мұсылмандарының құранында 6232 аят бар, шииттер қолданып жүрген құранда 115 сүре бар. Сүрелер көлеміне қарай орналасқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта, соңында қысқа сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады.
Адами қасиеттерді ардақтап, қастерлеу және адам құқығын аяққа таптатпай, асқақ ұстау – ислам дінінің басты ерекшеліктерінің бірі. Сондықтан, ислам дінін кеңдік пен кешірімнің, келісім мен түсіністіктің діні деуге толық негіз бар.
Ислам дінінің шығуына байланысты, Мүхаммедтің ауызекі айтқан қасиетті сөздері және Мүхаммедтің күнделікті өмірдегі мінез-кұлқы мен әдет-ғұрыптарын іс-әрекеттері аркылы айтылуы суннаны шығарды.
Суннаның немесе Хадистің шығу себебі Құран кітабындағы 114 сүре барлық мұсылман өмірінің қатынастарын көрсету мүмкін болмағандықтан, мұсылмандар арасындағы қатынастарды Мұхаммедтің өміріне сәйкес етіп көрсету. Қандай бір іс-әрекетке мұсылман кездессе ол шешімді Мұхаммед өмірінен тосуы керек. Екіншіден, Хадис арқылы мұсылман өміріне жаңа әдет-ғұрыптар енгізуге икемді болды.
Қайталауға арналған сұрақтар:
1) Исламның пайда болу қарсаңындағы Арабиядағы діни ахуал.
2) Ислам дінінің тарихи қалыптасуы.
3) Мұхаммед пайғамбар және оның уағызы. Құран және ислам ілімі