ДИАЛЕКТ СӨЗДЕРДІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

ДИАЛЕКТ СӨЗДЕРДІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

Әнуар Алима (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тойғанбекова М.Ш.

Әр халықтың өзіне тән әдебиеті мен мәдениеті бар. Ол адамзат қоғамы дамуы барысында біртіндеп қалыптасқан. Ал әдебиеттің қалыптасуындағы негізгі фактор – тіл. Тіл адамзаттың қоғамының пайда болуымен бірге пайда болған. Егер тіл болмаса қоғамда болмас еді.
Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп Абайдан кейінгі қазақ жазба әдебиетінің әр жанрында еңбек етіп көзге түскен көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың да өзі тілді осыншалық жоғары бағалаған жеке тілді ғана емес-ау, ана тілін дана тіліне балаған.
Дүние жүзінде неше мыңдаған ұлт, неше жүздеген тілдер бар. Әр ұлт өз тілінде сөйлейді, ал сол тілдердің қатарында біздің қазақ тілі де ойып орын алған орнымен ғана емес, өзіне тән құдіретті өміршеңдік күші арқылы дүние халықтарын мойындатқан бай да көркем тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі өз ішінен сан-салалы болып кетеді, ал менің бүгінгі сіздермен бөліспекші болғаным осы қазақ тіл біліміндегі жалпы сөздер саласының бір түрі, яғни диалект сөздер жайында болмақ. Онда диалект сөз деген не? Оған қандай сөздер жатады? – деген көк етіктіге таныс, көп етіктіге бейтаныс болған осы бір сұрақтардың жауабын қарастырмақпын.
Жалпы халық тілінде қолданылып, сөздік құрамға енетін сөздер тілде сөйлемнің адамдардың бәріне түсінікті болып келуі сондай-ақ, жалпылама қолданыла бермейтін тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана қолданылатын сол жердің адамдарына ғана түсінікті кейбір сөздер диалект сөздер болмақ. Ал енді бірде қазақта диалект сөздер бар десе енді бірде жоқ деп терістейді. Мысалы, Оңтүстікте «сым», Солтүстікте «шалбар» десе, Шымкент, Арыс маңында «шәйнекті» – «чаугім», «жұмыртқаны» – «тұқым» десе, Орал өңірінде «таразыны» – «шеккі», «бәкіні» – «шаппа» десе, ал қолданылуына келсек, Жәркент өңірінде «жарайды» дегенді «бопты», «көп» дегенді «әлем» деп әр жерде әр қалай қолданады. Міне, осыған қарап-ақ. диалект сөз қазақта жоқ деп қалай айта аламыз, керІсінше қазақта диалект сөз бар, тек бар болып қалмай өте көп, өйткені, диалект бар болу үшін бір-біріне көп мөлшерде түсінбеу міндетті емес.
Қытай тілі негізінен сәтсіз, мысалы, өйткені ғалымдардың дені оны бір тілдің диалектлері емес, бірақ та тұстас тілдер деп санайды. Қытайдың өз саяси себептерімен бәрін «диалектер» деп қойған. Меніңше бұл тақырып әлі дұрыс зерттелмеген. Әрине, диалект дегенде мүлдем түсінбей емес, бірақ қазақ арасында болған сайын осының бар екені байқалады, бір жағынан жеке сөздер бар, олардың өзі сөйлегенде түсініксіздік тудырады, оған грамматикалық айырмашылықты қоссаңыз, диалектке жақын бір нәрсе байқалады. Мысалы, Оңтүстік қазақтарының көбі «классикалық» нақ осы шақтың жатыр, тұр, отыр, жүр дегеннің орнына жергілікті «атыр» деген сөзді айта салады, ал батыста «келіңдер», «бақытты болыңдар» дегенді «келің», «бақытты болың» деп айта салады, ал егерде қазақ жазба әдебиетінің қалаушысы Семей өңірінің Абайы болмаса және қазақ тілін зерттеген ғалымдардың сол жазба әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын-жазушылардың көбі шығыс және Орталық, Солтүстік Қазақстаннан емес Сыр өңірінен болса немесе Маңғыстаудан болса, онда қазіргі ресми тілде үйретілетін оқулықтарда нақ осы шақ көмекші етістігі «атыр» болар еді немесе «келің», «жүрің» деген сияқты сөздер ақпаратта қолданылар еді.

Әдебиеттер

«Аңыз адам» журналы. №3. – 15 ақпан 2011.
«Қазақстан». Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.
Қазақ әдебиеті. – Алматы. «Аруна» ЖШС, 2010.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *