7 сыныпта материктер мен мұхиттар географиясы курсын оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Физикалық географияның бастапқы курсында қамтылған жалпы географиялық ұғымдар мен заңдылықтар туралы білімді оқушылыардың жас ерекшелігін ескере отырып, одан әрі дамытып, тереңдету.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1.“Материктер мен мұхиттар географиясы” оқулығының құрылымы мен мазмұны.
2. “Материктер мен мұхиттар географиясы” курсын оқыту жөніндегі жалпы әдістемелік нұсқаулар.
3. Сабақ өткзудің әдіс тәсілдері мен сабақ түрлері
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Жер шарындағы түрлі елдер мен ондағы халықтардың тұмыс тіршілігін, табиғат жағдайы туралы мәлімет беретін “Материктер мен мұхиттар географиясы” курсы мектеп географиясындағы маңызды буын болып есептеледі.Бұл мәліметтер осы жастағы балалардың зор қызығушылығын туғызатындықтан, олардың таным дүниесін молайтады.
“Материктер мен мұхиттар географиясы” курсында оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған жалпы географиялық ұғымдар мен заңдылықтарын нақты материктер мен мұхиттар табиғаты мысалында одан әрі тереңдетіп, дамытады.
Материктер мен мұхиттар географиясы курсын оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушы мақсаттары.
Курстың құрылымы мен мазмұны.Курстың негізгі бөлімі материктер мен мұхиттар табиғатының тұтас және табиғи комплекстерінің сипаты, халықтың аса маңызды белгілері және оның шаруашылық әрекетіндегі ерекшеліктер, қазіргі саяси карта, картографиялық білімнің дамуы.
Материктер мен оның бөліктерін оқып үйрену үшін теориялық фундамент ретіндегі “жер бедері мен климатының жалпы ерекшеліктері” тақырыбының ролі. Қорытынды бөлігіндегі “жалпы географиялық заңдылықтар” тақырыбында жалпылау және дүниетану көзқарасы бағытындағы сипаты. Материктер мен мұхиттарды оқып үйренудегі жүйелілік.
Біліммен іскерлік қалыптастыру.Оқушылардың білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптар. Білім қалыптастырудың индукциялық және дедукциялық жолдарын ұштастыру; физикалық географияның бастауыш курсы мен пән ішіндегі байланысты орнату. Жалпы және жеке ұғымдарды қалыптастыруда өлкетану материалдарын пайдалану. Биология, химия, физика және т.б. пәндермен пән аралық байланыстарды іске асыру әдістері. Оқыту процесінде салыстырудың рөлі.
Материктер мен мұхиттар географиясы курсында проблемалық иапсырмалар мен проблемалық тәсіл. Бағдарламада көрсетілген жалпылай қайталауда жүргізу әдістемесі.