Тіл ашар

Тіл ашар

Тіл ашар (дәстүр). Тіл ашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы жеті жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тіл ашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол, ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *