МЕКТЕП ФОРМАСЫНДАҒЫ ДІНИ АТРИБУТИКАҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

МЕКТЕП ФОРМАСЫНДАҒЫ ДІНИ АТРИБУТИКАҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

1. Таяуда жарияланған ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қойылатын талаптары қоғамдық пікірге біршама қозғау салды. Бұл қажеттілік неден туындады?
Соңғы бірнеше жылдар ішінде жаңа оқу жылының басталуымен орта білім беру ұйымы оқушылардың діни атрибутикаларын (хиджаб және т.б.) киіп жүру мәселесімен бетпе-бет келуде.
Бірыңғай мектеп формасын сақтау туралы ұсыныстардың бұрында болғандығын атап өткен жөн.
Республика мектептерінің Жарғысында белгілі бір діннің талабы бойынша киім киюге жол бермеу туралы жазылған. Ереже бойынша мұндай талаптар барлық мектептерде сақталды. Осы мәселелерге қатысты оқушылар және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілді.
Сонымен бірге, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3 бабы 7-тармағына сәйкес ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.
Аталған Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы білім беру және тәрбиелеу жүйесі (рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда) дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады. Бұл зайырлы мектептерде кез-келген діннің тікелей немесе жанама насихаттауға жол бермейтіндігін білдіреді.
ҚР «Білім туралы» Заңымен, ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер білім беру ұйымдарының жарғысында бекітілген ережелерді орындауға міндеттілігі айқындалған.
Білім және ғылым министрлігі осы ережелерді нақты айқындау мақсатында оларды бір құжатқа біріктіріп, жүйелендірді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптары» осылай әзірленді.
Осы бұйрыққа сәйкес мектеп формасына түрлі діни конфессияларға тән киім элементтерін қосуға болмайды.
Осы талаптар ұлттық, діни, әлеуметтік немесе басқа да негіздер бойынша оқушылардың бөлінуін қоспағанда, орта білім беру ұйымдары тәсілдемелерінің бірлігін қамтамасыз ету және зайырлы сипаттағы білімді сақтауда жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын атап өткен жөн.

2. Кейбір азаматтар мектепте хижабқа жол берілмеуін Конституцияға қайшылық ретінде бағалайды. Оған қандай жауап айтуға болады?
Конституцияның 1 бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Конституция негізгі құқықтық принцептерді белгілейді. Ал онда мемлекет алдындағы белгіленген азаматтық құқытар мен міндеттерді салалық заңдар белгілейді. Сонымен қатар, аталған құқықтар мен міндеттермен байланысты немесе оларды шектейтін қатынастарды салалық заңдар анықтайды.
Қазақстан Республикасындағы барлық заңдар мен нормтивтік құқықтық актілерді, соның ішінде ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы мен «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» Конституцияның ережелеріне сәйкес, сонымен бірге халықаралық құқық нормаларын және дін саласындағы жетекші сарапшылардың пікірлерін ескере отырып қабылданған.
ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.
Конституцияның 14 бабы 2 тармағына сәйкес тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның 30 бабы 1 тармағына сәйкес елімізде азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Бекітілген киім формасын сақтау туралы талаптар еліміздегі мемлекеттік құрылымның зайырлы қағидатына сәйкес келеді. Заңнама нормалары барлық конфессия өкілдері үшін міндетті, бұл талаптар оқушылардың дін ұстану бостандығы құқығын шектемейді.
ҚР «Баланың құқықтары туралы» заңының 35 бабы 1 тармағына сәйкес мемлекет тек бiлiм беру ұйымдарының шегiнен тыс жерлерде баланың ата-анасының дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға кепiлдiк бередi. Республиканың заңнамасымен балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мектеп формасын енгізу мәселесі білім беру мекемесінің құзыретіне жатады. Білім алушылармен және олардың ата-аналарымен қатынастарды, оның ішінде мектеп формасына қатысты мәселелерді реттеу тәртібі білім беру ұйымының Жарғысымен және ішкі тәртібімен реттеледі.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру мекемесінің Жарғысымен белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, сондай-ақ білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында діни киімді киюге қойылған шектеулер білім алушылардың діни наным бостандығы құқықтарына қысым жасауға бағытталмаған, ол тең шамада ерекшеліксіз және діни сенімге қарамастан білім беру процесінің барлық қатысушыларына қолданылады.
Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қызметерін реттейтін шараларды қабылдау азаматтардың дінді ұстану немесе ұстанбау құқықтарын шектемейді. Мемлекеттің зайырлы құрылымы елдің барлық азаматтарының құқықтары мен мүдделерін, діни немесе басқа да әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарына қарамастан қорғайды.

3. «Мектеп формасын жергілікті білім беру ұйымдары айқындайды» деген талапты негізге алып, хиджаб киюге жергілікті мектеп басшылығы рұқсат беруге тиіс деп санайтындар бар. Ол қаншалықты дұрыс?
Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың 19-тармағына сәйкес мектеп формасының түсін, үлгісін таңдау және юбканың ұзындығы орта білім беру ұйымдары және қоғамдық кеңеспен айқындалып, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Сонымен қатар, 20-тармақта мектеп формасына өзгерістер енгізу қоғамдық кеңестің келісімі бойынша қабылданатындығы айтылған.
Алайда, аталған талаптың 9 – тармағына сәйкес қыз балаларға арналған мектеп фомасына − пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық блузка (қызқы кезең: трикотажды жилет, сарафан, водолазка), жатады. Қыз балалар үшін аяқтың тобық ұзындығын жабатын еркін былғары.
Осы тармақта форманың элементі ретінде зайырлы, ұлттық дәстүрлі немесе діни болып табылатынына қарамастан, орамалдың (хиджаб) жоқтығын байқауға болады.
Осыған орай, көрсетілген тармақты жергілікті мектеп басшылығы немесе қоғамдық кеңесі хиджаб киюге рұқсат бере алады деп түсіндіру дұрыс емес. Тап осы жағдайда, қоғамдық кеңес, сондай-ақ оқу орнының ұжымы сол Талаптар шегінде ғана шешім қабылдай алады.
Бұдан бөлек, Талаптардың 13 – тармағында мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға тыйым салынғанын назардан тыс қалдырмау нақты көрсетілген. Бұл мектепте хиджаб киюге үзілді-кесілді тыйым салынатынын білдіреді.

4. Оқу жылы басталған кезеңде жекелеген ата-аналар тарапынан қыз балаларға хиджаб кигізу мәселесі туындайды. Мұндайда ата-анаға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында қандай мәселелерді негізге алуға болады?
Аталған мәселе төңірегендегі әңгімелер мен пікір таластарға қатысты профилактикалық мақсатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті тарапынан заңнамалық нормаларды түсіндіретін позициялық материалдар дайындалып, ата-аналарамен мектеп формасын киуге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында пайдалану үшін облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне жолданды.
Сонымен қатар, діндарлар тарапынан өтініштер мен шағымдардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның филиалдарына да түсіп жатқандығын атап өту қажет.
Осы мақсатта, Діни басқарма тарапынан білім беру мекемелерінде мектеп формасын киуге қатысты ұстанымдары дайындалды.
Мүфтият өзінің ресми мәлімдемесінде еліміздегі қыздар мен әйел адамдарына қазақ халқының әдет-ғұрпын сақтай отырып, қарапайым киініп, қара киімді қолданбау қажеттігін ұсынады. Оқушылардың ата-аналарын қоғамдағы орын алған келеңсіздіктерге қарсы сабырлылық танытып және де білм беру мекемелерінің Жарғыларына мойын сұнып, өз еліміздің заңнамалық талаптарына құрметпен қарауға шақырады. Мүмкінідігне қарай ата-аналарға мектеп басшылығымен бір мәмлеге келіп, қыз балалардың толыққанды зайырлы білім алуларына ерекше назар аудару қажет.

5. Хижаб кию мұсылмандықтың тікелей көрінісі болып санала ма? Неге бұл мәселені кейбір тұлғалар осы мағынада көтеруге тырысады?
Ханафи мазхабындағы сунналық ұстанымның исламдағы бар мазхабатр ішіндегі ең байсалдысы болып табылатынын, ұстанушылары қазақстандық мұсылмандар болып саналатын және әйел адамдарға жүздерін жасыруды талап етпейтіндігін атап өту қажет.
Оның негізгі принциптері бойынша ер және әйел адамдардың киімдері қарапайым, олардың діндарлығы мен қайрымдылығын көрсетуі қажет.

Ислам діні саласындағы сарапшылардың пікірі бойынша сенім теққана орамалды тағу немесе шешумен өлшенбейтін материалдық нәрсе болмағандықтан, киім екінші кезектегі мәселе болып саналады.
Өкінішке орай, қазіргі қоғамның кейбір өкілдері діни талаптардың ішкі мәніне емес сыртқы мәніне баса назар аударуда. Бұған қоса өздерінің діни көзқарастарын қуаттай түсулері үшін қасиетті кітаптан толық емес үзінділер келтіріп отырады. Бұл өз кезегінде ислам дінін
жаңадан бастаған азаматар үшін адасушылыққа алып келеді.
Атап айтқанда, олар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша дәстүрлі муфтиятқа жүгінбей, тұтастай күмәнді дереккөздерден келген ақпаратқа сүйенеді. Нәтижесінде, бұл ислам дінінің кейбір қағидаларын қате түсінуіне әкеледі.
Ислам ілімі сенушілерді шектен шығып кетуге мәжбүрлемейді. Ол соқыр жолды идеямен білімді де бермейді, ал керісінше сенімге деген саналы, ақылды амалды талап етеді. Адам исламда өзінің дінге, соның ішінде оның сыртқы белгілеріне деген қарым-қатынасын саналы түрде анықтауға құқылы.

6. Мектеп жасындағы қыздардың хижаб киюі оның сыныптастарына, өзіне қалай әсер етеді?
Мектепте білім алатын оқушылар зайырлы білімді ала отырып, білім арақатынасына, мемлекетке, мәдениетке және халықтардың дәстүрлеріне дүниетанымдық таңдау жасайды. Бұл оқушылардың мектептерде киімді киіп жүруіне, өмір салтын жүргізіп отырғанына сөзсіз ықпал етеді.
Біздің білім берудегі мақсатымыз – бұл тек білім беру ғана емес, сонымен қатар тұлғаға, өнерге, спортқа, интеллектуалдық дамуға араласу секілді барлық мәселелерді толық жүзеге асыру үшін жағдайларды жасау болып табылады. Хиджаб киген мектеп оқушылары немесе орташа білім беру және жоғары оқу орындары студенттерінің көпшілігі қоғамдық өмірге араласпайды, ал білім алуды екінші кезектегі мәселе деп санайтынын іс-жүзінде тәжірибелер көрсетті.
Психологиялық тұрғыдан балалардың дінді толығымен сезіне алмаулары анық. Оларда көбнесе бір идеалға еліктеу ұмтылысы түрткі болады, әдеттегідей бұл идеалдар ата-аналары немесе мода трендіне шалдыққан жастар арасындағы бір топ болуы мүмкін. Мұндайда жастардың белгілі бір тобы басқаларға ұқсамайтын ерекше топ болу үшін өздерін діндар адам ретінде көрсетеді, басқаша айтқанда «өзін көпшілікке қарсы қою» дегенді білдіреді.
Сондықтан, хиджабты таңдаған көптеген қыздар осы аталған жәйттарды елемей, жастардың әдеттегі өмірінің көптеген талаптарынан бас тартып, өзіндік бөлектену, оңашалану жолына түседі. Көтеріліп отырған мәселе сенімді немесе сенбеушілікті таңдау, сондай-ақ өзін мектептік немесе студенттік ұжымға қарсы-қою туралы болып тұрған жоқ, ал егер ақиқатқа сүйенетін болсақ, қоғамнан білім алып, өзіндік даму жолына түсуге өздерінің құқықтарын толық жүзеге асыру болып отыр. Басқа сөзбен айтатын болсақ, діни наным-сенім және білім алу тұлғаның дамуына қарама-қарсы келмеуі тиіс, ал хиджаб өзіндік бөлектенудің, оңашаланудың құралы болмауы қажет.
Қазақстан Республикасында діндарлардың діни сезімдеріне қатысты кезкелген мәселе, оның ішінде хиджаб кию мәселесі ата-аналар мен мұғалімдердің, сонымен бірге діндар азамттардың тарапынан өзіне шетін және терең ойлы қатынасты талап етеді.
Қазақстан зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады. Діни сенім бостандығы үшін барлық жағдайлар жасалған.Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз діни нанымын ұстануға құқылы. Осы құқықты пайдалану, еліміздің көпконфессионалдылығын ескере отыра пайдалануды білдіреді. Бұдан бөлек, құқықтармен қатар, әрбір азаматтың міндеттері де бар, соның ішінде ең бастысы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *