Келін түсіру тойы

Келін түсіру тойы. Ауыл әйелдері жасаулы кештің алдынан шашу шашып қарсы алады. Кімде-кім кеш бастар түйенің бұйдасын қабылдап алып, ауылға жетектеп енсе, «мұрындық апа» атанып, тиісті сыйлығын алады. Ауыл адамдары дереу жүкті түсіріп, ақ отауды тігуге кіріседі. Әдетте ақ отау күйеу әкесі үйінің оң жағына тігіледі. Мұңда да отаудың шаңырағын көтеруге балалы-шағалы, төңірекке жақсы атағы жайылған салиқалы ана тандалады. Отау тігіліп болысымен түрлі жиһаздар шығарылып, жайнатып жиналады. Осы кезде бір жеңгесімен ауыл шетіне атынан түсіп, хабар күтіп тұрған келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығады. Бет-жүзі үлкендерге көрсетілмей, шымылдықпен бүркемеленген келінді алдымен қайын атасының үйіне кіргізеді. Ұлы шаңырақтың босағасынан оң аяғымен аттасымен тізесін бүгіп, үш рет сәлем берген келініне атасы «Көп жаса, қарағым!» деп батасын береді. Содан соң жас келінді ошақ жанындағы жұмсақ тулақ-баспаққа отырғызады. Бұл «жаңа түскен келіннің мінезі де илеген тулақтай жұмсақ, биязы болсын» деген ырым. Ошақтағы отқа май құйған жас келін: «От Ана, Май Ана, шапағатыңды тигізе көр, жарылқа!»— дейді, Ал қалыңдықты қоршаған әйелдер қолдарын отқа қыздырып, «Оттай опалы бол!»— деп оның маңдайына тигізеді.
Осы рәсімдер аяқталған соң жас келінді ақ отауғаәкеледі. Күйеу шешесі шашу шашып, оң аяғымен табалдырық аттаған жас келінді сол жаққа тігілген шымылдық ішіне отырғызады. Қарсы алушы қыз-келіншектерге қыз шешесі күміс білезік, сақина, жүзік, сырға, алқа, түрлі маржан тастар үлестіреді.
Қонақтарға табақ тартылып, ақсақалдар бата оқыған сар табақтан ақ отауға сыбаға (үлпершек) жібергенде, жас келін оны сәлем етіп қабылдайды. Ауыл адамдарымен жаңа түскен келінді таныстыру үшін «беташар» басталады. Беташар айтатын жігіт әркімді таныстырып тұрып, «Бір сәлем» дегенде, келін тәжім етіп, ақын желектің төменгі ұшын шыбықпен көтеріп қалып, оны жұртқа көрсетеді. Бет ашушыға келінді сүйеп тұрған қыз жеңгесі мен жігіт жеңгесіне жібек көйлек, биқасап шапан кигізеді. Беташардан соң ауыл жастары түнімен ойын-сауық жасап, думанды кезі құрады. Ертеңіне «келін түсіру тойы» жасалады. Тойбастардың бірден айтылып, той ашылу тұсы болмаса, келін түсіру тойы негізінен қыз ұзату тойымен бірдей өткізіледі.
Қазіргі таңда келін түсірген уақытта қалындықты ауыл келіншектері мен жастары күтіп алып, шашу шашып, құрылған шымылдықтың ішіне келген келінді кіргізеді. Шымылдықты құрғаны үшін сый алады. Абысындары басына орамал салып, тағы басқасы отқа май құйғызады. Сол қызметтері үшін енелері сыйлық сыйлайды. Орамал салғаны енді келін болды дегенді білдіреді. Жас келінді көргісі келгендер үлкен келіндеріне немесе жеңгелері мен апаларының біріне көрімдіктерін береді. Келіннің бөлмесіне апарып келінмен таныстырады. Танысқан адам келінге шашу шашып, «қадамының құтты болсын!» деп тілегін айтады. Беташар болмайынша келін шымылдырықтан шықпай, іске араласпай отырады. Келінді көруге келгендерге ол ізеттілік білдіріп орнынан түрегеледі. Оңтүстік Қазақстанда осы дәстүрлердің барлығын орындауға тырысады, ал басқа жақтарда беташар жасап, келіннің басына орамал салу дәстүрлері орындалғанымен шымылдыққа отырғызу дәстүрі орындалмайды.
Жаңа түскен келінді туыстарымен көпшіліктің алдында таныстыратын беташар болады. Келіннің бетін ашатын ақынды дайындап қояды. Суырып салма ақын әншілер келіннің келу құрметіне арнап өлендер айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *