Географияны оқытудағы көрнекілік құралдарды қолдану әдістемесі

Географияны оқытудағы көрнекілік құралдарды қолдану әдістемесі
Дәріс мақсаты: Көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін – ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады. Мектеп курсындағы география пәнінен көрнекілік құралдардың түрлерін, мақсатын, қолдану аясын анықтап онымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Көрнекілік дидактикалық тәсіл.
2. География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаны, оларды оқу үрдісіндегі рөлі бойынша жіктеу.
3. Географиялық оқулықтар, олардың атқаратын қызметі. Оқулық, оқу құралы және онымен жұмыс iстеу әдiстемесi.
4. География курстарындағы статистикалық көрсеткіштердің маңызы және олармен оқыту үрдісінде жүргізілетін жұмыстар.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Географиялық карталардың оқытудағы міндеті географиялық білімнің аса маңызды көзі. Көрнекілік дидактикалық тәсіл болып табылады. Көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін – ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады. Картаны, оларды оқу үрдісіндегі рөлі бойынша жіктеу: қабырға, үстелге жайылатын, мәтінде берілген және оқулыққа қосымша берілген карталар; олардың мазмұны мен пайдалану ерекшеліктері. Географиялық карталарды оқып үйрену мақсаты және олармен мектеп географиясы курстарында жүргізілген жұмыстар. “Картаны түсіну”, “оқу”, “білу” ұғымдарының мазмұны.
География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаның түрлері: тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы, кескін картасы. Географияны оқыту әдістемесінде карталармен жұмыс әстеуде үш мақсат қойылады: картаны түсіну, картаны оқу, картаны білу. Географиялық карталардың атқаратын рөлі. Глобус – Жердің моделі. Картаның мазмұны және картаны түсінуді оқытудағы негізгі әдістер. Картографиялық ұғымдар жүйесі. Картаны оқуға үйрету әдістері. Басты картографиялық іскерліктер және олардың физикалық және экономикалық география курстары бойынша айырмашылығы. Картаны білуді қамтамасыз ететін оқыту әдістері. Географиядағы ішінара іздену жіне зерттеу әдістері мен проблемалы оқыту құрамында картамен жүргізілетін жұмыстар.
Географиялық оқулықтар, олардың атқаратын қызметі. Оқулық, оқу құралы және онымен жұмыс iстеу әдiстемесi. Оқулықтың ғылыми мазмұны мен әдістемелікаппараттың сипаты. Мәтіннің құрылымдық компоненттері. Оқулықтың мәтін жіне мәтіннен тыс компоненттерімен жүргізілетін негізгі әдістер. Физикалық, экономикалық географиялардың мазмұнын және оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп оқытудың әр сатысында мәтінмен жұмыс істеу әдістерінің өзгеруі. Оқушылардың оқулықты пайдалануында шығармашылық сипаттың күшеюі. Оқулықпен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын жалпы әдістемелік талаптар. Көрнекілік түрлері: суретті көрнекілік (бейнесурет, картина, диафильм, слайд); Дыбыстық көрнекіліктер (күйтабақтар, үнтаспаға жазылған матералдар); Символдық және графикалық көрнекіліктер: (карта, жоспар, сызба, диаграмма);
Географияны оқытуда пайдалынатын негізгі құралдармен жұмыс істеу. Географиялық карталар, глобуспен жұмыс істеу. Карталардың мазмұны, оларды оқу және түсіне білу тәсілдері.
Физикалық және экономикалық география курстарындағы статистикалық көрсеткіштердің маңызы және олармен оқыту үрдісінде жүргізілетін жұмыстар. Берілу тәсіліне байланысты мектеп географиясында статистикалық мәліметтердің негізгі топтары. Жеке (топтастырылмаған) көрсеткіштермен жұмыс жүргізу әдістері. Графиктер, программалар және статистикалық кестелердің танымдық мүмкіндіктері, оларды оқу әдістері. Сандық материалдардың ерекшеліктерін ескеріп графиктер, диаграммалар және статистикалық кестелерді оқытудың мазмұны және жүйелігі. Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы курсындағы экономикалық есептер және олардың мақсаты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *