Географияның жеке курстары мен факультатив курстарын оқыту әдістемесі.

Географияның жеке курстары мен факультатив курстарын оқыту әдістемесі.

Глоссарийлер: Физикалық география, экономикалық география, факультатив, табиғи комплекс, материктер мен мұхиттар.

11. Тақырып. Физикалық географияның бастауыш курсы.
Дәріс мақсаты: 6 сынып Бастауыш физикалық географиясы курсының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктерін ескеріп, мақсаттарына талдау жасау.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1.Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың мақсаты, міндеті және сипаты.
2.Физикалық географияның бастауыш курсының құрылымы мен мазмұны.
3.Физикалық географияның бастауыш курсында қолданылатын көрнекілік құралдар.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушы мақсаттары. Бұл курстың негізгі міндеті оқушыларға география пәні, жер қабықтары, табиғаты, халқы, географиялық карта және жергілікті жердің планы т.б. алғашқы түсініктерді қалыптастырады.
Курстың құрылымы мен мазмұны. Жер геосфеларының оқып үйрену курсты құрудың негізгі алтыншы сыныпта геосфераларды оқып үйрену жүйелігі және педагогикалық дәлелі. Жалпы және жеке ұғымдардың арақатынасы.
Өлкетану материалы курс мазмұнының органикалық бөлімі. Оқытудың экологиялық принципін жүзеге асыру. Азаматтардың табиғатты сақтау, оның байлықтарын қорғау міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясы материалдарын пайдалану. Оқушылардың табиғатта өзін-өзін ұстау ережелерімен таныстыру туралы бағдарлама талаптары.
Әрбір географиялық қабықты сипаттаудың типологиялық схемасы: вертикаль бағыттағы құрамы мен көлемі, негізгі құбылыстар, адамның шаруашылық әрекетінде пайдалануы, табиғатты қорғау шаралары
Біліммен іскерлік қалыптастыру. Оқушылардың білім мен іскерлігіне қойылатын талаптар. Білімді қалыптастыруда жекелей жұмыс жүргізудің басым болуы оқушылардың жас ерекшліктерінің нәтижесі. Өлкетану материалы мен табиғатқа байқау жүргізуге жүйелі түрде сүйену. Көрнекілік құралдарын кеңінен пайдалану. Оқыту әдістерін жиі ауыстыру қажеттілігі.
Карта оқып үйрену нысаны және білім көзі. Картадан географиялық нысандарға сипаттама берудің қалыптасқан жоспары. Географиялық атауларды оқып үйрену әдістері. Оқушыларды кескін карталарды толтыруға үйрету.
Оқулық және дәптермен жұмыс істеу ерекшеліктері. Ауа райы, феналогиялық және табиғаттың басқа да құбылыстардың күн тізбесін жүргізу. Табиғаттың жеке компоненттері арасындағы өзара байланыстарды оқушыларды түсінуіне біртіндеп жеткізу. Табиғи аумақтың кешен туралы білім қалыптастыру негізін қалушы “Табиғат компоненттерін” өзара байланысын тақырыбын оқып үйрену ерекшеліктері. Бағдарламада көрсетілетін сарамандық жұмыстар жүйесі және оларды орындау әдңстері. Сабақтың басым бөліктері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *