Əмеңгерлік

Әмеңгерлік

Әмеңгерлік (салт). «…Жібектің әмеңгерлікке көнбегені үлкен ерлік» (Ғ. Мүсірепов).
Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеуі қайтыс болғанда оның жесірі «ерден кетсе де елден кетпек жоқ», «аға өлсе іні мұра» деген қағидамен әмеңгерлік жолмен куйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Күйеуі өлген жесірді басқа жаққа жібермеудің бірнеше әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туыс-туғанынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *