фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клинико-фармакологиялық Жүйке жүйесі аурулары жолдар принциптері
2. Мақсаты: Студенттерді жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клинико-фармакологиялық жолдар принциптерімен таныстыру.
3. Дәріс тезистері.
Психотропты дәрілер адамның психикалық қызметінің бұзылысында қолданады. Оларды психоздардың әртүрлі симптомдарымен жүретін (қорқыныш, үрей, алаңдау сезімдері) невроздық және неврозтәрізді бұзылыстарды емдеуде қолданады.
Психотропты дәрілерге келесі дәрілік топтар жатады: 1) нейролептиктер (антипсихотикалық дәрілер) 2) транквилизаторл.ар (анксиолитиктер) 3) седативті дәрілер 4) антидепрессанттар 5) нормотимиктер (литий препараттары) 6) психоқуаттандырғыштар 7) ноотропты дәрілер
Нейролептиктер
Нейролептиктер – психоздардың өнімді симптомдарын (саңдырақтау, галлюцинациялар, психомоторлы қозу) жоятын аурудың дамуын тоқтататын, седативті әсері бар дәрілік заттар тобын айтамыз. Әсер ету механизмі – лимбиялық жүйенің дофаминді рецепторлерін тежейді. Нейролептиктер Д2 дофаминорецепторлерді тежеп, антипсихотикалық әсер пайда етеді.
Жіктелуі
1. Фенотиазин туындылары: аминазин (хлорпромазин), фторфеназин (флуфеназин, модитен), левомепромазин (тизерцин), этаперазин (перфеназин), трифтазин (трифлуоперазин, стелазин)
2. Тиоксантен туындылары – хлорпротиксен (труксал)
3. Бутирофенон туындылары: галоперидол (галофен), дроперидол
4. Дибензодиазепин туындылары – азалептин (клозапин, лепонекс)
5. Бензамидтер – сульпиридтер (эглонил, догматил)
Нейролептиктердің қолдану тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау критерилері:
1. Лабораторлы 2. Параклиникалық: а) ЭКГ б) тонометрия (көз қысымын өлшеу)
3. Клиникалық: науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру
Қолдану көрсеткіштері:
1. Жедел психоздар, қарт психоздары, ми жарақаты 2. Нейролептоанальгезия 3. Қатерлі гипертермия, сонымен бірге жүрекке, ірі тамырларға және өкпеге операция жасағанда температураны түсіру мақсатында 4. Жаңа туған нәрестелердегі пилороспазм (бұл мақсатпен аминазин белгіленеді) 5. Наркозбен, цитостатиктермен уланумен, сауле терапиясымен байланысты құсу 6. Ұзақ жүретін кекірік 7. Өкпе ісінуі (артериялық қысымын төмендету үшін күре тамырға аминазин белгілейді).
Егер науқастар препараттарды ауыз арқылы қабылдамаса, деканоаттарды бұлшық етке енгізген дұрыс.
Бір-бірімен әсерлесу: Нейролептиктер наркозға арналған дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің, этанолдың, ұйықтататын және седативті препараттардың, сонымен бірге антигипертензивті дәрілердің әсерлерін потенцирлейді. Нейролептиктер өздерінің холиноблокаторлық әсерлеріне байланысты ішектің перистальтикасын азайтады және парацетамол, леводопа, дигитоксин және литий тұздары секілді дәрілердің абсорбциясын азайтады.
Анксиолитиктер (транквилизаторлар)
Анксиолитиктер – қорқыныш, абыржу, алаңдау сезімдерін жоятын, миорелаксанттық әсерлері бар дәрілік заттар тобы.
Жіктелуі
1. Азепамдар: диазепам (сибазон, седуксен, реланиум), хлордиазепоксид (хлозепид, элениум), феназепам, оксазепам (тазепам, нозепам), мезапам (медазепам, рудотель)
2. Азоламдар – альпразолам (альпракс)
Транквилизаторлардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау үшін науқас жағдайының динамикасымен препаратқа жағымсыз реакцияларын зерттейді.
Қолдану көрсеткіштері: 1) невроздармен невроз тәрізді жағдайлар 2) психосоматикалық жағдайлар 3) тырысулармен бұлшық еттердің спастикалығы 4) эпилептикалық статус 5) ұйқысыздық 6) атарактанальгезия, премедикация
Бір-бірімен әсерлесу: транквилизаторлар наркозға арналған дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің, этанолдың, ұйықтататын және седативті препараттардың, сонымен бірге антигипертензивті дәрілердің әсерлерін потенцирлейді. Бауыр ферменттерінің индукторлары (фенобарбитал, спиронолактон) транквилизаторлардың биотрансформациясын қуаттандырады. Керісінше, циметидин, этанол, оральды контрацептивтер секілді препараттар оны тежейді.
Сибазон мысалында, дәрінің қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау үшін қандағы оның концентрациясын анықтаумен науқас жағдайының өзгеруін тіркеуден басқа белгілі бір арнайы әдістер жоқ.
Нормотимиктер (литий тұздары)
Литий тұздары негізінен манияларды емдеу және алдын-алу үшін қолданады. Әсер ету механизмі: жүйке талшықтарынан норадреналиннің бөлінуін азайтады. Препараттардың активтілігі тек ауруларда көрінеді. Литий карбонаты, литий оксибутираты, микалит – ішке, литонит – күре тамырға енгізіледі. Әсерлері антипсихотикалық дәрілерге қарағанда баяу дамиды (2-3 апта). Қолдануы: 1) маниакальды жағдайларда 2) алкогольды абстиненцияны азайту үшін. Жанама әсерлері: диспепсия, шөлдеу, тремор, полиурия, бұлшық еттердің босаңсуы. Қолдануға қарсы көрсеткіші: бүйрек, қалқанша без функцияларының бұзылуы, жүктілік, холецистит, жара ауруы.
Литий препараттары – бұл терапевтикалық әсерінің кеңдігі аз дәрілер болып табылады, сондықтан емдеудің қауіпсізіді үшін қажетті: 1) қандағы литий құрамын үнемі мониторлау (аптасына 1 рет ағзаның тұрақтануына дейін және әр айда оның тұрақтануынан кейін); 2) эндогенді креатин клиренсін анықтау.
Препараттың дозасын жекеленген түрде клиникалық суреті және қандағы литийдің қандағы құрамына байланысты анықтайды. Клиникалық эффект ем басталуынан 2-4 аптадан кейін байқалады.
Бір-бірімен әсерлесу: литий препараттарымен кейбір бейстероидты қабынуға қарсы дәрілерді, антибиотиктерді, тиазидті қатардағы диуретиктерді бір уақытта белгілеу литийдің бүйрек клиренсінің төмендеуіне және қан плазмасындағы оның концентрациясының жоғарылауына әкеледі.
Седативті дәрілер
Негізгі әсері тыныштандыратын болып табылады. Оларға натрий, калий бромидтері, шүйгін шөп, сасық шөп тұндырмалары жатады. Әсер ету механизмі: бас миындағы тежегіш процестердің жоғарылауы. Бромидтер ішек қарын трактысынан жақсы сіңіріледі. Бүйрекпен ұзақ уақыт шығарылады (қосымша ішекпен, тер және сүт бездерімен). Қолдануы: невороздарда, қозу кезінде, ұйқысыздықта. Препараттар кумуляцияға ұшырап, созылмалы уланудың себебі болуы мүмкін (бромизм). Оның симптомдары: апатия, есте сақтаудың бұзылуы, терінің зақымдануы, шырышты қабықтардың тітіркенуі – жөтелмен, тұмаумен, іштің өтуімен, конъюнктивитпен сипатталынады. Улануды емдеу: препараттарды қабылдауды тоқтату, натрий хлоридін, көп мөлшерде су және несеп айдайтын препараттар беру керек.
Седативті дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
Бір-бірімен әсерлесу: транквилизаторлар орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттардың эффектісін күшейтеді. Бром препараттарының емдік әсерін күшейту үшін бір уақытта натрий хлоридін қолдануды шектейді.
Антидепрессанттар
Антидепрессанттар – депрессиялар мен супдепрессияларды емдеуге арналған дәрілік заттар тобын айтамыз.
Жіктелуі
1. Қайтымды әсерлі моноаминооксидаза (МАО) ингибиторлері
Пиразидол (пирлиндол), бефол
2. Нейрональды ұсталудың ингибиторлері
А) Таңдамалы емес әсерлі: амитриптилин (триптизол), кломипрамин (гидифен), имипрамин (имизин, мелипрамин)
Б) Таңдамалы әсерлі: флуоксетин (прозак), флувоксамин (авоксин)
3. Атиптік антидепрессанттар – азафен
Антидепрессантардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау критерилері:
1. Лабораторлы 2. Параклиникалық: а) ЭКГ б) тонометрия (көз қысымын өлшеу) 3. Клиникалық: науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру
Қолдану көрсеткіштері: 1)әртүрлі этиологиялы депрессивті жағдайлар 2) психосоматикалық аурулармен жүретін депрессивті жағдайлар 3) функционалды түнгі энурез 4) қарт деменциясы 5) әртүрлі ой және физикалық бұзылыстар.
Бір-бірімен әсерлесу: антидепрессанттарды бір-бірімен тек бір топтың шегінде ғана қиыстыруға болады, ондай болмаған жағдайда гипертоникалық криздің, күшті тырысулардың даму қауіптілігі бар. Антидепрессанттар орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттардың эффектісін күшейтеді.
Психоқуаттандырғыштар
Психоқуаттандырғыштар деп көңіл-күйді жоғарылататын, психомоторлы активтілікті пайда ететін, шаршау сезімін төмендедетін, физикалық және ақыл-ой жұмыс қабылетін жоғарылататын, уақытша ұйқы қажеттілігін төмендететін дәрілік заттар тобын айтамыз.
Амфетамин (фенамин). Әсер ету механизмі. Синапс аралығында норадреналиннің және дофаминнің мөлшерін жоғарылатады. Осыған байланысты ойлау процестері күшейеді, ұйқышылдық жойылады, тәбет төмендейді, тыныс алу орталығы қуаттанады. Шеткерлік -адреномиметикалық қасиетінен артериялық қысым жоғарылайды. ІҚТ жақсы сіңіріледі. Гематоэнцнфалды бөгеттен жақсы өтеді. Қолдануы: невроздық супдепрессиялар, патологиялық ұйқышылдық (нарколепсия). Жанама әсері: кумуляция, үйренгіштік, дәріге тәуелділік, қозу, мазасыздық, тахикардия. Меридил. Шеткерлік адреномиметикалық қасиеттері жоқ, жүрекке әсер етпейді, психоқуаттандырғыш активтілігі төмен. Сиднокарб. Психоқуаттандырғыш әсері жоғары препарат. Әсері біртіндеп басталынып, ұзақ уақыт сақталынады. Әсер ету механизмі. Норадренергиялық жүйенің активтілігін жоғарылатады. Симпатомиметикалық қасиеттері, эйфория, қозғалыстың қозуы болмайды. Жанама әсері. Дозасы асып кеткен жағдайда қозу, мазасыздық,, артериялық қысымның жоғарылауы пайда болады. Кофеин. Психоқуаттандырғыш және аналептикалық қасиеттері бар препарат. Кіші дозаларда (150 мг) – психоқуаттандырғыш әсер, орташа дозада (300-500 мг) – аналептик ретінде, токсикалық дозаларда – жұлынға әсер етіп, тырысуларды пайда етеді. Аздаған миотропты спазмолитикалық қасиетке ие. Гликогенолизді жоғарылатып, гипергликемияны пайда етеді. Асқазан бездер секрециясы мен диурезді жоғарылатады. Қолдануы: психиканы қуаттандыру үшін, шаршаған сезімінде, мигрень, гипотензия. Жанама әсері: үйренгіштік, психикалық дәріге тәуелділік (теизм), қозу, мазасыздық, ұйқысыздық, тахикардия, аритмиялар.
Психостимуляторлардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайы-ның динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
Бір-бірімен әсерлесу: психостимуляторларды бір уақытта антидепрессанттармен, альфа-адреномиметиктермен және эфедринмен бірге беруге болмайды (артериялық қысым күрт жоғарылауы мүмкін).
Ноотроптар
Ноотроптар деп мидың зат алмасу процестеріне жағымды әсер көрсететін дәрілік заттар тобын айтамыз. Ноотроптардың қолдануы ұзақ уақыт, қосымша антигипоксиялық, тырысуға қарсы әсерлері бар. Пирацетам (ноотропил). Ой әрекетін (ойлау, есте сақтау қабылеті) қуаттандыратын препарат. Антигипоксиялық, тырысуға қарсы әсерлер көрсетеді. Гематоэнцефлды және плацентарлы бөгеттерден жақсы өтеді. Бүйрекпен шығарылады. Қолдануы: ақыл ойдың жетіспеушілігі (атеросклероз, бас ми сүйегінің жарақаты), балалардың ақылының жетіспеушілігі. Ішке және парентеральды бірнеше ай енгізіледі. Жанама әсері – диспепсия, ұйқының бұзылуы. Аминалон (гаммалон) – гаммааминомай қышқылының (ГАМК) препараты. ГАМК – тың метаболиттік активтілігін (ұлпалы тыныс алуын) жоғарылатады. Антигипоксиялық әсер көрсетеді. Қолдануы: мидағы қан айналымның бұзылысында, ақыл қабылетінің жетіспеушілігінде, атеросклерозда, инсультте, эпилепсия кезінде. Жанама әсері – диспепсия, аретриялық қысымның төмендеуі, ұйқының бұзылуы. Ноотроптарға сонымен бірге пантогам, пиридитол (энцефабол) препараттары жатады.
Ноотроптардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
Адаптогендер
Оларға дибазол, беметил, милдронат, жень-шень, қытай лимоннигі, элеутерококк, қызғылт семізот препараттары жатады. Олар ағзаның физикалық және психикалық жұмысқа тұрақтылығын, инфекциялық ауруларға қарсы тұрақтылығын жоғарылатады, ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады.
Адаптогендердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
Аналептиктер
Жалпы әсерлі ОЖЖ қуаттандырушы дәрілік заттар тобын айтамыз. Негізгі әсерлері – тыныс алу және тамырқозғалтқыш орталықтарын қуаттандырады. Кордиамин. ОЖЖ – гі тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарын қоздырады. Үлкен дозаларда – клоникалық тырысуларды пайда ету мүмкін. Қолдануы: жедел және созылмалы қан айналымның бұзылыстарында, тамыр тонусының төмендеуінде, тыныстың әлсіздігінде, жедел коллапста, асфиксияда, шок кезінде, сирек наркотикалық, ұйықтататын, наркоздық дәрілермен уланғанда. Бемегрид. Ұйықтататын дәрілердің антагонисті (барбитураттардың улы эффектісін төмендетеді). Қолдануы: барбитураттармен уланған кезде, тыныс тоқтаған кезде, наркоздан шығуды жеңілдету үшін. Жанама әсері. Үлкен дозаларда – жүрек айну, құсу, тырысулар. Камфора – жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігінде, коллапста, тыныстың тежелуінде, дәрілермен уланғанда қолданады.
Аналептиктердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.
4. Иллюстрациялы материалдар
5. Әдебиет:
Негізгі:
1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.
2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.
3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.
4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.
5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.
6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.
7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.
8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.
9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.
10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.
11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.
12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.
Қосымша:
1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.
2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.
3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.
4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002
5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.
6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.
7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.
8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.
9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.
10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.
11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007
12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.
13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.
14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.
15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.
16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР — Медиа», 2006.
17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.
18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.
19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.
20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.
21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.
22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.
23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.
6. Қорытынды сұрақтары:
1. Жүйке жүйесі ауруларын атау
2. Олардың симптомдарымен синдромдары