САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕН

САҚҚҰЛАҚ ШЕШЕН

(1800-1888)

Саққұлақ шешен қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Қоржынкөл жағасында туып, өмір сүрген. Шешен Нұра шонжарларының қастандығынан өлгенде Нұралы есімді баласы Қанжығалы Бөгенбей ұрпақтарының қорымына жерлеген екен. Ал, Қанжығалы Бөгенбай батырдың сүйегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленгені тарихтан белгілі. Саққұлақ шешеннің зираты бүтін кезінде көз тартатын ғажап мазар болған дейді оның ұрпақтары.
Бапан бидің шешендік қасиеті Саққұлаққа дарып, ісінде ақжол, адал болуына көп әсер етсе керек. Саққұлақтың тапқырлық, шешендік сөздері ел аузында көп айтылады. Сондықтан оның әдеби-шығармашылық мұрасы бізге толық жеткен. Саққұлақ шығармалары негізінен халық өмірімен, жеке тұлғалардың жақсы-жаманымен тығыз байланысты болып келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *