БАТЫРДЫҢ БАСЫ ОРДА ҚАЛАР

БАТЫРДЫҢ БАСЫ ОРДА ҚАЛАР

Саққұлақ шешен Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғысты жақсы білген. 1862 жылы Атбасар уезіне аға сұлтан болу үшін Шоқанмен бірге дауысқа түскен Ерден Омбыға бара жатып Саққұлақ бидің аулында қонақ болған. Әңгіме үстінде Ерден Шоқанның үстінен шағым түсіру үшін бара жатқанын айтады. Ондағы мақсаты аға сұлтан болып өзінің сайлануын қамтамасыз ету.
Шешен оның сөздерін мұқият тыңдап алып, ертеңгісін жолға аттандырайын деп жатқанда былай деген екен:

Батыр жауда қалар,
Шешен дауда қалар.
Өз ісіне бармаса,
Өр мінезі қалмаса,
Батырдың басы орда қалар, —

деген екен бұрынғы ата-бабаларымыз, — депті.
Ерден болса Саққұлақ шешеннің сөздеріне мән беріп, жол бойы біраз ойға шомған екен. Біраз уақыт жүрген соң ол қасындағы адамдарға қарап: «Манағы сөз қалай айтылды, бұл сапарымның жөні болмас»,- деп атының басын кейін тартып, еліне қайтып кеткен екен [13].

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *