МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН РОТАЦИЯЛАУ БІР ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БІРЛІК ШЕГІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ – А.АЙМАҒАМБЕТОВ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН РОТАЦИЯЛАУ БІР ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БІРЛІК ШЕГІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ – А.АЙМАҒАМБЕТОВ

Мектеп директорларын ротациялау бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы «Antikor.Live» жобасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ведомство басшысы ротация институтын енгізу – директорларды тағайындаудың жаңа жүйесі, оларды аттестаттау, жалақы мен еңбек жағдайын арттырумен қатар басқару сапасын жақсартудың тиімді тетіктерінің бірі екенін атап өтті.

💬»Жалпы әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кадрларды жаңарту, ротациялау өте маңызды. Қазір көпшілік өз пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың арасында «ертең бүкіл ел бойынша 7500 директор бір мезетте жұмыс орнын ауыстырады» деп жатқандар да бар. Негізінде, олай емес. Мәселен, Павлодар облысында жұмыс істеп жүрген адам Қарағанды облысына немесе Қарағанды облысынан Түркістан облысына жіберілмейтіні түсінікті. Қазір біз тек бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде ғана айтып жатырмыз. Ротациялау бойынша нақты критерийлер анықталады. Біз өзгелердің бұл тетікті өз мүдделері үшін пайдаланылуына жол бермеуіміз керек», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі.

Министр бүгінгі таңда ведомство өкілдері сарапшылармен бірлесе директорларды ротациялау ережелерін талқылап жатқанын айтты. Кейін мектеп директорларын ротациялау бойынша нақты критерийлер анықталады.

💬»Қазір әріптестерімізбен бірге директорларды ротациялау ережелерін талқылап жатырмыз. Біз халықаралық және әлемдік тәжірибені зерттедік. Түпкілікті шешім барлығының пікірін ескере отырып қабылданады. Осындай жаңа институттарды енгізу кезінде «зиян келтірме» қағидасын ұстану маңызды. Яғни, барлық тәуекелді ескеріп, ротацияға арналған негіздерді нақты регламенттеу қажет», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *