Олимпиада, жарыс, конкурс: Барлығы оқушылар үшін тегін өткізіледі – БҒМ

Олимпиада, жарыс, конкурс: Барлығы оқушылар үшін тегін өткізіледі – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда білім берудің барлық деңгейлеріндегі олимпиадаларды өткізу туралы» тақырыбында сөйлеген сөзінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.
Оның айтуынша, балалардың дарындылығын қолдау зияткерлік олимпиадалар, жалпы пәндер бойынша ғылыми жобалар, орындаушылар, кәсіби шеберлік конкурстары және спорттық жарыстар өткізу арқылы бірнеше бағытта жүзеге асырылады.

Білім және ғылым министрлігі өткізетін зияткерлік олимпиадалары мен конкурстарын «Дарын» республикалық орталығы, шығармашылық және көркемдік бағыттарды республикалық Қосымша білім беру орталығы және спорттық бағыттарды республикалық Дене шынықтыру және спорт орталығы үйлестіреді, — деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар Каринова атап өткендей, БҒМ өткізетін барлық жарыс, оның ішінде зияткерлік олимпиадалары, шығармашылық спорттық жарыстар бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

Мұның барлығы оқушылар үшін тегін өткізіледі. Олимпиадалар мен жарыстардың қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тиісті деңгейдегі дипломдар және барлық қатысушыға сертификаттар беріледі. Олар өте маңызды. Өйткені дарындылықты дамыту, қолдау, сондай-ақ оларды ынталандыру әр дарынды оқушыға әсер етеді, — деп түсіндірді ол брифингте.
Дипломдар мен сертификаттарды беру де тегін түрде жүргізіледі.

#Олимпиада # жарыс # конкурс # тегін # өткізіледі # БҒМ Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
Фото: ашық дереккөз

Толығырақ baq.kz: https://baq.kz/news/othernews/olimpiada-zharys-konkurs-barlygy-okushylar-ushin-tegin-otkiziledi-bgm/?live=Y

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *