Аймағамбетов университет кеңесі құрамынан шығарылсын — Преьмер министр

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ-Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңесінің құрамынан шығару туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі. «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1482 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі; көрсетілген құрамнан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі шығарылсын», — делінген Мамин қол қойған Үкімет қаулысында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *