ӨНЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ

ӨНЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ –шығармашылық суреткерлік харекет- тің психологиялық механизмдерін және адамның өнер туындыларын жасау және ұғыну кезіндегі тұлғалық көрінісінің ерекшеліктерің зерттей- тін психологиядағы бағыт. Өнер психологиясының өнер түрлеріндегі (му- зыка, бейнелеу өнері, әдебиет, театр және кино өнері, хореография, архи- тектура) дәстүрлі проблемаларды су- реткерлік шығармашылықтың туын- ды туралы ниеттен бастап, оны ұғы- ну мен бағамдауға дейінгі барлық ке- зеңдердегі проблемалары болып та- былады. Көркемдік бейненің пайда болуы, тәжірибе әсерлерін өңдеу шы- ғармашылық елестету мен ойлау, шы- ғармашылық психикалық күй про- цестері, сондай-ақ тұлғаның белсен- ділігі мен бағыттылығы проблемала- ры, суреткерлік қабілет пен талант зерттеледі. Отандық өнер психоло- гиясында жасы, білімі, мәдени деңге- йі, әлеуметтік-демографиялық бел- гілері бойынша әр алуан топтардың көркемдік ұғыну процестері зерде- ленеді.

Суреткерлік туындының құрылымы- на деңгейлес ұғынудың психология- лық механизмдер, сондай-ақ бұл ұғы- ну процесі бұрмаланатын жағдайлар, көркемдік тәжірибе берудің психо- логиялық мәселелері, суреткерлік қа- білеттерді; көркемдік талғамды, өнер- ге эстетикалық сезімталдықты қа- лыптастыру мәселелері балалар шы- ғармашылығының ерекшеліктері зерт- теледі. Өнер туындыларын ұғына- тын адамдардың эстетикалық реак- циясының психологиялық механизм- дері проблемасын өнер психология- сының негізгі проблемасы деп есеп- теген Л.С.Выготскийдің пікірінше, эстетикалық реакцияны көркем шы- ғарма құрылымының өзі бағдарлай- ды. Қазіргі заманғы Ө.п. суреткерлік шығармашылық процесінінің пси- хологиялық аспектілерін және сурет- керлік ұғыну процесін бірлікте және өзара байланысында зерттеуге мүмкіндік беретін жүйелі көзқарас тұрғысын жүзеге асырып келеді.

Халқымыздың мақал-мәтелдерде кө- бірек сөз болған тақырыптың бірі – өнер мәселесі. Қай халықтың да ұлт- тық тілімен қатар ұлттық өнері бо- лады. Біздің халқымыздың да барша жұрт сүйіспеншілігіне бөленген, жү- ректің тереңінен орын тепкен, ғасыр- лар бойы біртіндеп дамып қалыптас- қан ұлттық өнері бар. Өнер – шын- дықты көркем бейнелер арқылы та- нып, білу. Халқымыз ертеден-ақ өнер- ді ерекше қастерлеп, жезтаңдай ән- шілер мен күйшілерді, тілге жүйрік шешендерді, бармағы майысқан ше- берлерді құрметтеп, майталман та- ланттардың алдында бас иіп, олардың өнерін мақтан еткен, өздері де солар- дай болуға ұмтылып отырған. Ол өз ұрпағына өнердің маңызын түсінді- ріп қана қоймай, оны жатпай-тұрмай үйренуге, бойға дарытуды мақсат еткен. Мәселен, «Өнерді үйрен де жи- рен»; «Өнерліге ер жоқ», «Өнерлі қол аш болмас», «Өнерлінің өрісі кең»,

«Өнерліге өлім жоқ», «Өнерлі өрге жүзеді», т. б. осы іспеттес мақалдар- дан өнерді үйреніп, жаттықсаң ғана меңгересің, білсең, бәрін де жеңесің, тетігін тапқан адамға қиындық бөгет бола алмайды, өнерлі адамның өрісі кең болады, өнер адамның көздеген мақсатына тезірек жетуге мүмкіндік береді, бір сөзбен айтқанда, өнер атаулының танымдық маңызы зор, ол адамды жан-жақты тәрбиелейді де- ген идеялар ап-айқын көрініп тұр.

Өнер халықтікі, оны тудыратын да, бағалайтын да оның өзі. Өнер халық қолдауын тапса ғана өмір сүре алады, өнерді қоғамға телуші де, қоғам- нан аластаушы да халық. Сондықтан да, «Өнер көзі – халықта», «Халықтан асқан ақын жоқ», «Өнер тілі ортақ»,

«Шебердің қолы ортақ» деу арқылы халқымыз бүкіл адамзаттың озық ой- лы өнер үлгілерінің баршаға ортақ- тығын, өнерлінің халықтан асып еш- қайда бармайтындығын, оның бар- лық уақытта жұртпен бірге болатын- дығын айта келіп, майталман өнер ие- сін әр уақытта да мақтаныш санаға- ны жайлы тұжырымдайды.

Адамның көпшіл, қоғамшыл болып өсуі үшін де өнерлі болудың маңызы зор. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, эсте- тикалық сезімдерінің тұрақтай түсуі- не, алдына қойған мақсатының ай- қындала беруіне игілікті әсер етеді. Сондықтан да, халық өз ұрпағының өнердің сан саласынан толық мағ- лұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай: «Өнер – таусылмас  азық,  жұтамас байлық»,

«Өнерлі өрге жүзер», «Керек тастың ауырлығы жоқ», «Талаптымен талас- па», «Өнер – ердің қанаты», «Өнерлінің ырысы – жарқырап жатыр жолын- да» деп, өнер – құдіретті күш, ол жар- қын болашаққа жол сілтейтін жан серігің, ертеңгі күнгі жейтін тамағың, ішетін сусының, рухани байлығың деп тебіренеді. Балғын, балалық шақ – өнер үйренуге таптырмайтын кезең. Балалық кезде қызығу да, құмарлық та күшті болады. Қызығу мен құмар- лық ынтымақты еңбексіз өрге бас- пайды. Жай әуесқойлық, көрсеқызар- лықпен әр нәрсеге бір ұмтылып, үл- кен еңбекті қаламайтын адамға өнердің қонуы екіталай. Өнерді үйрену- дің басты шарты – еңбек. «Домбыра үйренуге де зауық керек».

«Өнер  ұялайтын  кісісін  өзі біледі»,

«Еңбек  үйренемін  десең ерінбе»,

«Өнерді  үйренемін  десең жерінбе»,

«Ерінбеген емер, қажымаған жеңер»,

«Ерінбеген етікші болады», «Жұмыс- тың көзін тап, қисықтың тезін тап» деген мақалдарда жоғарыда айтқан пікірлеріміз жақсы қолдау тауып тұр. Енжар, жалқау адамдар өнермен жолдас бола алмайды. Өмір ләззатын қызықтай алмайтын, рухани жағы қораш, психикасы нашар дамығандар да осылар. Халық: «Жалқаулық – жа- ман ауру», «…Отыра берсең, жалқау- лық басынады», «Жалқаулық аздыра- ды, еңбек оздырады», «Ерінбей еңбек қыл, жалықпай өнер біл», «Аузыңмен айтқанды, қолмен істе» деп жастарға енжарлыққа, жалқаулыққа салынба, жас кезіңде қимылдап қал, өнерді сөзбен емес, істе үйрен, әр нәрсе өз уақытында, ерінбесең ғана дегеніңе жетесің, деп жөн сілтейді.

Өнерді құлқы сүймейтін немесе өз өнеріне күпінетін мақтаншақ, даңғой, атаққұмар адамдар да болады. Халық бұларды: «Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас», «Бояушы, бояушы  дегенге  сақалын бояйды»,

«Олақ орақшы орақ таңдайды», «Жа- ман етікші біз таңдайды», «Алтын- ды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер», «Өз үйінде ою ой- маған кісі үйінде сызу сызады» деп өнер-білімнен, ғылым-білімнен жұр- дай зердесіздерден жұртты жерінді- ріп, өнерлілік – адамның тамаша ру- хани бейнесінің белгілі екендігін қай- талап  айтып,  жас жеткіншектердің назарын бұған баса аударып отырады. Бұл жерде Фарабидің музыка ғылы- мы жайлы айтқандарына қысқаша тоқталған жөн сияқты. Әмбебап ға- лым өнер психологиясы жайлы ой тү- йіндерін ортаға салады. 1) Ән, өлең, музыка – адамның жан дүниесіне көр- кемдік жағынан әсер етуде таптыр- майтын өнер; 2) бұлар жақсы мінез- құлық нормаларын, адамның қоғам- дық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады; 3) музыка мен ән адамда көркем эстетикалық сезім- дерді туғызу арқылы, кісінің өзін- өзі тәрбиелеуінде, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал  етеді;

  • музыкалық дарын туғаннан бо- латын қасиеттермен қатар өлшеусіз еңбек пен көп дайындықтың жемісі.
  • өнер түрлерін танып білуде адам- ның түйсіктері, нақты тәжірибесі елеу- лі рөл атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *