ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМ

ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМ – адамның дүниетанымдық, моральдық-психо- логияық қасиеттері және оның қо- ғамға қарым-қатынасын білдіру ар- қылы көрінетін ішкі қағидасы. Ө.ұ. адам іс-әрекетінде белсенді (айнала- дағы шындықты өзгертуге үнемі ұм- тылу) немесе бәсең (қалыптасқан дәс- түр мен норманы сақтау) түрінде кө- рініс береді. Ө.ұ. – жеке адамның іс- әрекетінің белгілі бір бағыттылығы. Адамгершілік бағытта Ө.ұ. жеке адам- ның мінез-құлық жүйесінен көрініс табады, адамдардың сенімінен, ар- ожданынан, идеялық бір бағыттылы- ғынан байқалады. Адамның өмірлік ұстанымының шындығын және дұ- рыстығын айқыңдау қоғамның про- гресті бағытта дамуына сай келуімен өлшенеді. Тұлғаның жекебастық да- муын анықтаудың ең басты белгісі оның қоғамдық, тарихи процестегі орнын белгілеу болмақ.

Адамның жеке тұлға ретінде қалып- тасуы, ең алдымен, оның өмірден өз орнын саналы түрде таба білуіне бай- ланысты. Жеке тұлғаның өзіндік өмір- лік ұстанымы оның қоғамға, қоғамдық байлыққа деген көзқарас пікірден, іс-әрекетінен, қоғамдық қызметінен, өмірге деген көзқарасынан білінеді. Адамның өмірі мен қызметі, өмірге деген көзқарасы оның мамандығына байланысты. Адамның өмірлік белсен- ді ұстанымы еңбек процесінде ай- қындалады, шыңдалып беки түседі. Ол іс-әрекет пен сөздің бірлігінен, адамның алға қойған мақсатты орын- даудағы белсенділік пен теориялық білім, білік, іскерлік қабілетін жүзе- ге асыра білуінен байқалады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *