ӨЗІН-ӨЗІ ҚАСТЕРЛЕУ

 

ӨЗІН-ӨЗІ ҚАСТЕРЛЕУ – өзін-өзі білдіру мен өзін-өзі көрсетуге әсер ететін, тұлғаның өзіне-өзі жағымды сезімі. Әрбір адамның өзін-өзі сүю сезімінің «соқыр» эгоистік, сезімге ауыспауы шарт. Өзін-өзі сүйетін же- тілген тұлға ешқашан өз ар-намысын жоғалтпай, сәйкес өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі сыйлауға қабілетті болады. Ол әрқашан өзінің сыртқы келбетіне, дене бітіміне, сондай-ақ ішкі жан дү- ниесіне мән беріп, өз-өзіне, өз істеріне ұқыптылықпен қарайды, өзін- өзі ылғи жетілдіру үстінде болады, әртүрлі салаларда өзін көрсетуден қорықпайды. Сонымен қатар, мұндай адам өзін жаратылысы қандай болса, солай қабылдайды. А.Маслоудың тұжырымдамасы негізінде жасалған Э.Шостромның өзін-өзі таныту тес- тінің шкалаларынының ішінде өзін- өзі сыйлау және өзін-өзі қабылдау шкалалары да бар. Мұның өзі өзіндік сүйіспеншіліктің тұлғаның өзін-өзі танытуына қолайлы жағдай тудыра- тынын көрсетеді. Ө.с. бір уақытта Меннің қозғаушы күшін, оның бел- сенді жағын білдіре отырып, тұлғаны әлеуметтік ортамен, басқа адамдар- мен салыстыру тәсілі ретінде қызмет етеді.

Сонымен қатар, өзіндік сүйіспенші- лік тұлғаның құндылықтық-адам- гершіліктік аумағының дамуына да маңызды рөл атқарады, онсыз өмірге қанағаттылық, толымдылық сезімі ту- майды. Сондықтан, өзін-өзі білдіру- дің, яғни өзін-өзі танытудың түрлі типтерін анықтауда, өзіндік сүйіс- пеншілікті де есепке алу маңызды. Ал мұның өзі өзіндік сүйіспеншілік- ті тұлғаның өзін-өзі бағалауын тәр- биелеудің, мотивацияны көтерудің, өмірлік мағынаны табудың әсерлі ал- ғышарты ретінде қарастыруға мүм- кіндік береді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *