ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ (ағыл. Self- development) – адамның өзінің тұл- ғалығын алдына қойған мақсатына сәйкес қалыптастыруы. Ө.-ө.т. қажет- тілік өзінің кемшіліктерін саналы ұғы- ну негізінде басталады. Ө.-ө.т. дара- лық ерекшеліктерін, қабілеттерін жә- не мүмкіндіктерін адекватты (сәйкес) талдамай жүргізуге болмайды. Ө.-ө.т. адам өміріне үздіксіз жасалады. Ө.- ө.т.-ді осылайша түсіну, жалпы түр- де, екі негізгі жайтты бейнелейді: бі- ріншіден; адамның өз жеке басы бо- йынша жұмысы ерекше түрдегі іс- әрекет болып табылады және, екінші- ден, Ө.-ө.т. өзін-өзі өзгертудің ең жо- ғары деңгейі болып табылады, бұл тұлғаның саналы да мақсатқа бағыт- талған өзін-өзі өзгертуі. Ал кез кел- ген іс-әрекет үшін, әсіресе іс-әрекет үшін, әсіресе өзін-өзі өзгертудегі іс- әрекет үшін жеткілікті дәрежеде да- мыған ерік қажет. Ерік Ө.ө.т. бағ- дарламасын іске асырудың қажетті негізі болып табылады. Л.И. Рувин- ский бойынша, Ө.ө.т.-дің келесі тә- сілдері бар – өзін күштеу, өзін-өзі анықтау, өзіне бағыну, өзіндік бұй- рық, өзіне еске салу. «Ө.ө.т. бағдар- ламасы өзін-өзі қадағалау мен өзін- өзі ынталандырудың құралдарымен іске асады. «Ө.ө.т. – адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіру жөніндегі са- налы, мақсатты іс-әрекеті.
Өзін-өзі тәрбиелеу элементтері мек- теп жасына дейінгі балаларда кез- деседі. Бұл кезде бала өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін түсінбейді. Бі- рақ өзінің мінез-құлқының ұнай- тынын-ұнамайтынын ұғып алады. Өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау және өз қылықтарын талдау жеткіншек- алды жаста байқала бастайды. Жет- кілікті әлеуметтік тәжірибенің жә- не психологиялық дайындықтың жоқ- тығынан жасөспірімдер өз қылық- тарының мотивтерін түсіне бермейді. Сондықтан үлкендердің көмегінсіз өзін-өзі тәрбиелей алмайды. Оларға міндетті түрде педагогикалық жетекші қажет. Жеке адамдық қасиеттер жасөспірімдік жаста едәуір дәрежеде қалыптасқан. Ө.-ө.т. жеткіншекалды жасқа қарағанда мақсатты және са- палы түрде болады. Ө.-ө.т. – адамның моральдық қасиетінің бір түрі. Адам өзінің іс-әрекетін, ақыл-санасын іштей бақылап, бағыттап отыруы, өзін-өзі бақылау арқылы жаман әдеттерден тыйылып, жақсы әдеттерін, жағымды мінез-құлқын дамытып жетілдіреді. Өзін-өзі бақылау, тәрбиелеп жетілдіру үшін еркін берік ұстауы, ұстамдылы- ғы, саналы әрекеті қажет.