ӨЗІН-ӨЗІ БІЛДІРУ

 

ӨЗІН-ӨЗІ БІЛДІРУ – өзін-өзі та- нытуға мәні жағынан жақын, тұл- ғаның өзін-өзі көрсетуді білдіретін ұғымдардың бірі. Егер де ерте бала- лық шаққа жоғары психикалық функ- циялардың, қабілеттердің және т.б. қалыптасуы тән болса, балаң жастық кезеңде әлеуметтік ойлау, өзіндік са- на, ынта және т.б. тән болады О-ө. б. жөніндегі сауал жасөспірімдік және балаң жастық кезеңдерде өте өзек- ті болады. Ол тұғаның дұрыс және үйлесімді дамуының негізгі алғы- шарттары ретінде көрініс табады. Осы кезеңде бағыттылық, бағдар, өмірде, қарым-қатынасты дұрыс бағдарлай білу сияқты маңызды қа- сиеттер қалыптасады. Адамның осы қабілеттерін белсенді қалыптасты- ратын факторлардың бірі – алуан түр- лі қарым-қатынас, өзін-өзі түрлі іс- терде сынап көру. Тұлғаның ө-ө.б.-іне әсер ететін – ол қоғам.

Кейбір әлеуметтік өзара әрекеттес- тіктер адамдық «Менді» төмендету, ынтаны басу, адамның шынайы мә- нісін бұрмалау сияқты тенденцияға ие болады. Бұл жағдайларда тұлға бір- тіндеп, адекватты ө-ө.б.-дің белгіле- рін жоғалтып, өзін-өзі жүзеге асыру- дың бұрыс жолдарын тандайды. Өз- өзінің жетілмеген бейнесі, рефлексия- ға, яғни өзінің тек жеке әрекеттерін ғана емес, сондай-ақ тұтас тұлғасын дұрыс бағалауға қабілеттілігінің бол- мауы адамды ішкі дағдарыс жағда- йына, ал «өзіне-өзі айтатын сөздің болмауы» өзімен-өзі ішкі диалог құ- ра алмау жағдайына әкеледі. Белсен- діліктің себебі ретіндегі өзін-өзі біл- діруге деген қажеттілік әртүрлі болуы мүмкін: біреулерде ол шектен тыс түрлерде (өзіне сүйіспеншілік), ал бас- қаларда айқын көрінбеуі мүмкін.

Адамның өзінің ішкі «Меніне» қарсы тұра білу қабілеті неғұрлым нашар көрінсе, яғни адам неғұрлым өзін-өзі аз бағаласа, соғұрлым ол үшін сырт- қы мәнерлілік (көз тартымдылық) мәнді болып табылады. Сондай-ақ, өзін-өзі білдірудің әртүрлі жетілу дә- режесі мен қалыптасу кезеңдері бо- лады. Ерте кезеңдерде (ішкі «Мен» бейнесі қалыптаспаған шақта) тұл- ғада өзін-өзі білдіру өз «Менін» көр- сету түрінде көрініс табады. Өзін-өзі көрсету, өзін-өзі ашу тұлғаның өз «Ме- нің» шынайы және мәнерлі білдіруі- нің айқын қажеттілігіне айналған кезеңінде ғана өзін-өзі білдіру жетіл- ген дәрежеде көрінеді. Адам өмірде өз мінез-құлық мәнерін, сөйлеу стилін және, ең бастысы, өзін-өзі әртүрлі қы- лықтарда, істерде білдіруге тырысады. К.А.Абульханова-Славскаяның пі- кірінше: «Тұлғаны» өзін-өзі таны- туының негізі болып табылатын өзін- өзі білдірудің қиындықтары ұялшақ- тық, икемсіздік, қарым-қатынастағы мазасыздық немесе керісінше сенім- сіздікті жасыратын әдейі жасалатын дөрекіліктен басталады».

Бұл – тұлғаның қарым-қатынасында, іс-әрекетінде, жалпы тіршілігінде кө- рінетін адамның өзін-өзі білдіре ал- мау мәселесі. К.А.Абульханова-Слав- ская өзін-өзі білдіру тәсілдерінің қызықты типологиясын ұсынды. Оның байқауынша, бір адам өзі шынымен не сезінсе, соны білдіреді және өзін өте қызу, экспансивті көрсетеді. Ал басқа біреуі болса, сыртқа өзін-өзі білдіру үшін, яғни ішкі дүниеден сыртқыға өтуде көрінбейтін бөгетті жеңуге, белгілі бір еріктік күшті жұмсауға мәжбүр болады. Ал бірін- ші тип үшін ешқандай бөгет болмай- ды. Үшіншісі парадоксалды тип, бір- дей жайттарда өзін әр түрлі, ал әр түр- лі жағдайларда өзін бірдей ұстайды. Төртінші тип барлық уақытта тек өз ішкі дүниесінде ғана қалады, сырт- қы жағдаятты «ескеріп» қана, тек оған бейімделіп өмір сүреді. Соны- мен, автордың анықтауынша, өзін-өзі білдіру дегеніміз – іс-әрекетте, қарым- қатынаста, өмір міндеттерін шешуде көрінетін, адамның өзін-өзі тұлға ретінде жүзеге асыру тәсілі. Осылай- ша, тұлғаның өзін-өзі танытуының қажетті тәсілі ретіндегі әлеуметте өзін-өзі білдіре алу қабілетінің маңы- зы зор екендігі анықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *