ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ – ұжым мү- шелерінің өз ортасында басшылық етіп, басқару әрекеті. О.-ө.б. негізі- нен мекемеден тыс жұмыс түрінде кеңінен көрініс береді. Өзін-өзі бекі- ту – адамның өзін-өзі білдіру мен өзін-өзі ашуға деген іргелі қажетті- лігі. Ө.-ө.б. негізгі мотиві – тіршілік- тің берілген жағдайларында едәуір толымды өмірге жетуге және ұжым мен қоғамда мәнді әрі жағымды әлеуметтік-психологиялық мәртебеге жетуге ұмтылыс. Ө.-о.б. адамдар кө- бінесе үлкен рухқа ие және жоғары дамыған талаптану деңгейімен си- патталып, іс-әрекетте басқалардан жоғары нәтижелерді көрсетуге тыры- сады. Өзін-өзі танытумен байланыс- ты ұғымдардың бірі – Ө.-ө.б. мәсе- лесі психоанализде де арнайы қа- растырылған. А. Адлердің пікірінше, тұлғаның Ө.-ө.б. ұмтылысы оның жастық кезеңінен қалыптасқан ке- містік сезімін компенсациялау жо- лы ретінде пайда болады. Оның тұ- жырымдауынша, егер невротиктер- де О.-ө.б. басқалардың Менін басу негізіндегі өзін-өзі жүзеге асыру ұмтылысымен, көбінесе эгоцентрлік бағытта іске асса, ал психикасы сау адамдарда ол, ең алдымен, белгілі бір мақсатқа жетуде кездесетін қиын- дықтарды жеңуге, өмір талабынан шығатын шынайы міндеттерді ше- шуге бағытталған, яғни өзінің әлсіз Менін жеңуінде, бүгінгі Меніне өк- темдігінде көрінетін тұлғаның өзін- дік өктемдігі түрінде жүзеге асады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *