ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУ – тұлғаның жалпы әлеуметтік қатынастар жүйе- сіндегі өзінің әлеуметтік рөлі мен по- зициясын таңдауы. Ш.Бюлердің көз- қарасы бойынша, тұлғаның толымды өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, өзінің ішкі мәніне сәйкес мақ- саттарды қоя білу мүмкіншілігі. Өзін- өзі бағалау – адамның өзіне сындар- лы көзқараспен қарап, өз мүмкінді- гін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі. Өзін-өзі бағалау адамның өзіне деген сенімін артты- рып, рухани үйлесімділігін дамыта- ды. Өзін-өзі бағалау адамның айла- ласындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және та- лап қоя білуін, жетістікке және сәт- сіздікке қалай қарайтынын көрсете- ді. Сонымен қатар, Өзін-өзі бағалау адамның іс-әрекетінің тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Өзін-өзі бағалау ең алды- мен, адамға басқалардың беретін ба- ғасына қарай қалыптасады. Адам өзін айналасындағылар қалай бағалайты- нына қарай өзін-өзі бағалауға бейім келеді. Өзін-өзі байқау 1) адамның өзінің мінез-құлқын, өзін бақылауы;
2) интоспекцияның синонимі.