ОТБАСЫ МЕН НЕКЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

ОТБАСЫ МЕН НЕКЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ – психологиядағы неке жә- не отбасы проблемаларын зерттейтін пәнаралық бағыт. Отбасы – некеле- суден, туыстық байланыстардан тұ- ратын  шағын  топтар,  жеке өмірді ұйымдастырудың маңызды формасы және әлеуметтік қоғамдастық түрі. О.– үйірмелердің жанұялық бірлігі. Отбасы тәрбиесі – ұлттық тәрбиенің негізі болып табылады. Отбасылық екіжақты жанжалдар – күйеуі мен әйе- лі де қатысатын отбасылық жанжал- дар. Отбасындағы жанжал катализа- торы – отбасында туындайтын жан- жалдың біріншілік себебі болып са- налмайтын, бірақ ол жанжалға едәуір әсер ететін, оны күшейтетін немесе қолдайтын қандай да бір объективті немесе субъективті фактор. Социоло- гия, экономика, этнография, тарих, заңтану, демография салаларындағы зерттеулерді қамтиды. О. мен неке психологиясын жүйелеп зерттеу ал- ғаш рет XX ғасырдың 20-жылдары- ның аяғында – 30-жылдардың басын- да АҚШ-та басталды. Зерттеулердің қауырт дамуы нәтижесінде 60-70- жылдарда неке мен отбасы зерттеу- лерін жеке бір ғылым етіп саралау туралы мәселе белсенді түрде талқы- лана бастады. Алайда бұл объек- тіні ғылымдардың әрқайсысы өзінн етене тән көзқарас тұрғысынан қа- растыратынына байланысты бұл мә- селе шешілмеген қалпында қалды.

Неке мен отбасын психологиялық зерт- теулерде мына мәселелер қамтыла- ды: некенің сапасына ықпалы бар факторларды зерделеу; отбасының даму циклі, отбасының рөлдік құрылымы, биліктің отбасы мүшелерінің ара- сында бөлінуі, ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас, некелік жұбын таңдаудың детерминанттары, тәрбиенің әртүрлі паттерндерінің нә- тижелігі, ата-аналар мен олардың ба- лаларының психологиялық ерекше- ліктері және т.б.

Отбасылық және некелік консульта- циялау процесін және оның нәти- желілігін зерделеу зерттеудің жеке бір саласы болып сайланды. О. мен неке психологиясы жинақтаған мәлі- меттер отбасына көмектесуге бағыт- талған әр алуан әлеуметтік және пси- хологиялық бағдарламалар мен ұсы- ныстар қалыптастыру үшін негіз бо- лып табылады. Бұл мәліметтер тұ- тастай алғанда отбасына, сондай-ақ оның жекелеген мүшелеріне коррек- циялық ықпал-әсер амалдарын жүзе- ге асырушы, отбасыларына қатысты жұмыс жүргізуші мамандар мен қызметкерлер даярлаудың ғылыми принциптерін талдап белгілеудің не- гіздері ретінде пайдаланылады. От- басы және неке психологиясы – пси- хологияның саласы неке, отбасы, ері мен зайыбының және олардың туыс- тарымен қатынасының антология- сын зерттейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *