ОТАНСҮЙГІШТІК

ОТАНСҮЙГІШТІК. Халқымыз кір жуып, кіндік кескен атамекенін ая- лап, елін, тілі мен мәдениетін, әдебие- ті мен тарихыи, біртуар аяулы перзент- терін мақтан тұтып, қадірлеп-қастер- леуді ұрпағына аманат еткен.

Бізде қай жүзге жататыныңды, қай ру- дан екеніңді білу ес жиып, есейгеннің белгісіндей дей отыра, мұның түпкі мақсат-мұраты біреу, ол – ынтымақты ел болу деп есептейміз. Ер-азамат үшін туған халқын жан-тәнімен сүю, оның шаруашылығы мен мәдениеті- нің өркендеп, көркеюіне бар күш-жі- гері мен білімін, еңбегін жұмсап, үлес қосу перзенттік парыз болған, Қаз дауысты Қазыбек би: «Алтын ұяң – Отан қымбат… туып-өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат», – деп тебіренген ғой. Қазақ елі – біздің Отанымыз, атамекеніміз, қастерлеп келе жатқан туған жеріміз. Осы жерді жан-тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қор- ғап, сақтайтындар да ең алдымен қа- зақ халқы, оның сендердей ізбасар- лары. Қаршадайынан өз отбасын, әке- сі мен шешесін, бауырлары мен ту- ған туысқандарын қастерлеп, қадір тұтқан адам ғана есейе келе туған хал- қы мен ел-жұртын, атамекенің шын көңілмен сүйетін болады. Өйткені халқымыз «Отан отбасынан бастала- ды» деп бекерге айтпаған. Ата-ана- сын, өз үрім-бұтағын жанындай жақ- сы көріп сүймеген баланың ел-жұр- тын, халқы мен ұлтын сүйетін толыққанды азамат болуы екіталай. Ұлт- жанды кісінің имандылық-адамгер- шілік қасиеттері, сондай-ақ, онын жек- жат-жұрағатқа деген оңды көзқа- расынан да жақсы байқалады.

Қазақ елінің кез келген перзенті жұ- мыр жердің қай бұрышында жүрсе де өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйіспен- шілік қасиеттерін тайға таңба бас- қандай айқын байқатып отыруы тиіс. Бұл үшін ата-бабалардың тарихы мен шежіресін біліп, оларды талдап таратуға ерекше мән берген абзал. Аталас ағайындарының аты-жөнін жүйелеп, оларды саусақпен санаған- дай айқын ажырата білу – кім-кімге де болса жарасымды адамгершілік сипат.

Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырау- ға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан- ғайыр, кең жазира даланы ғасырлар бойы басқыншы жаудан сан рет қор- ғап, бостандық пен тәуелсіздік жо- лында шыбын жанын пида еткен. Біздер халқымыздың қас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мея Нау- рызбайды, Қасымхан мен Абылай ханды, Амангелді мен Бауыржанды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет етке- нін өзімізге үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын қа- лайша мақтан тұтпаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *