ОРГАНИКАЛЫҚ  ТҮЙСІКТЕР

 

ОРГАНИКАЛЫҚ  ТҮЙСІКТЕР –біріншіден, организмнің органикалық қажеттіліктерімен байланысты туа- ды, екіншіден, ішкі мүшелердің қыз- метінің бұзылуы кезінде пайда бола- ды. О.т.-ге аштықты, шөлді түйсіну, жүрек-қан тамырлық, тыныс алу жә- не жыныстық жүйеден келетін түй- сіктер, сонымен қатар, жалпы көңіл күйдің жақсы немесе жаман сезімдік негізін құрайтын айқын емес, ажыра- тылмайтын түйсіктер жатады. Түрлі ішкі мүшелерде кездесетін рецептор- лар Ч.Шерингтонның жіктемесі бо- йынша интероцепторлар категория- сына жатады. Интероцепторлар меха- никалық, химиялық, физикалық-хи- миялық сипаттағы тітіркендіргіштер- ді қабылдайды. Барлық органикалық түйсіктердің бірқатар ортақ қасиет- тері болады. Мысалы, олар көп жағ- дайда органикалық қажеттіліктермен байланысты.  Бұл  қажеттіліктер осы органикалық түйсіктер арқылы сана- да бейнеленеді. О.т.-дің барлығы бел- гілі бір қысылумен байланысты. Мұ- ның өзінде оларда қажеттіліктерді қа- нағаттандырумен байланысты бола- тын түйсіктер тәрізді динамикалық, елігу, ұмтылыс және кернеуді босату сияқты сәттері болады.

О.т.-де сенсорлық, перцептивті сез- гіштік әрі аффективті сезгіштікпен ұласады. Сондықтан «аштықты түй- сінудің «аштық сезімін, «шөлді түй- сінудің «шөлді сезіну» деп бекерден айтпайды. Барлық органикалық түй- сіктер күшті аффективті сипат, айқын эмоциялық бояуға ие. Сондықтан ор- ганикалық түйсіктерде тек сенсорика ғана емес, сондай-ақ аффективтілік те көрініс табады. О.т. организмнің қа- сиетін емес, ал оның күйін бейнелей- ді және көп жағдайда саналанбайды. О.т. жиі диффузды сипатта болып, өзінің шоғырланған жерін көрсет- пейді. О.т. қажеттіліктерді бейнелей келе, әдетте, қозғалыстық импульс- тармен байланысты болады. Осылай, мысалы, аштық сезімінде, тыныс қы- сылғанда және т.б. спазмалық қозға- лыстар және түрлі ырықсыз әрекет- тер пайда болады. Осылайша, О.т. Психиканың әртүрлі жақтарымен: аффективтік күйлермен, елігулер- мен және ұмтылыстармен жапсар- лас келеді; ең басынан бастап, өмір қажеттіліктермен тығыз байланысты болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *