ОПТИМИЗМ

ОПТИМИЗМ (лат. оptimus – ең жақ- сы) – дүниеде ізгілік үстем болады, әділет салтанат құрады және барша жұрт бақытқа кенеледі деген сенім- ділікке негізделген дүниетану түсіні- гі. Пессимизмге қарама-қайшы. «О.» термині алғаш рет біздің әлем «ық- тимал әлемдердің ең жақсысы» деп па- йымдаған философиялық (Г.Б.Лейб- ництің) ілімді сипаттау үшін қолда- нылды. Бертін келе О. даралық не бұ- қаралық сананың жалпы эмоциялық үндестігін бейнеленетін неғұрлым кең мағына алды. О. тікелей сезімдік дүниетану түсінігіне де, тұтастай дү- ниетанымға да тән болуы мүмкін. Қоғам өрлеп, мәдениет өркендеген кезеңдерде адамдардың көңіл күйін- де үстем болып, оларды дүниеге жә- не өз тағдырына қарекетшіл, белсен- ділікпен қарауға ынталандырады. Оп- тимистік ауан әлеуметтік сілкіністер кезінде де пайда болып, оларды еңсе- руге жәрдемдесуі мүмкін. О. тұтас алғанда сындарлы, адамдарды болмыс- қа көңілі толушылық сезіміне бөлей- ді. Қанағатшылдық, қуаныш, бақыт сүйініштерімен ұштасады. Алайда ол болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен ұштаспаса, адамдарды тек жағымды жайттарды ғана қабылдауға бейім- деп, тұлғаның орнықты психология- лық ұстанымы нысанына айналуы мүмкін.

Мұндай жағдайда санада адамдарды бағдарынан жаңылдыратындай, уа- қытында дұрыс шешімге келуіне, қо- ғамдық үрдістерге араласуына ке- дергі келтіретіндей әртүрлі жалған үміттер ұялайды. Мұндай көңіл ауа- нында қоғамдық сана-сезім басқадай мүдде көздеген адамдардың тарапы- нан бұрмалауға, өз мақсаттарын пай- далалуына оңай беріледі. Кейін бұ- қараның бұған көзі жетуі оны қатты түңілдіріп, О. орнына пессимизм ба- сым болуы мүмкін. Қоғам сындарлы өзгерістер жағына, іс жүзіне ауысқан- да ғана адамдардың сана-сезімі бол- мысты неғұрлым жарқын өміршең- дік ауанда бағамдауға ойысады. Зұ- лымдық жеңіліп, ізгілік үстемдік ете- тін қоғам орнатуға болады дейтін тү- сініктер қиял және осы себепті әлеу- меттік тұрғыдан қауіпті болып шы- ғады. Бұл екі категория адамзат өмі- рінің мәңгілік серіктері және олар- дың түптамыры адамның өзінде.

Дүниеге, тарихқа және адамға қатыс- ты байыпты, реалистік көзқарас қа- на адамдардың сенімді болашағын қамтамасыз етеді, осы арқылы олар өмірлік кездейсоқтықтар мен күтпе- ген жағдайларға психологиялық тұр- ғыдан дайын болады. Оптимистік дү- ниетаным балалар мен жастарды тәр- биелеуде үлкен рөл атқарады, өйткені ізгілікке әділдікке, жарқын болашақ- қа деген сенім болмайынша, тұлғаның құлықтық қалыптасуы мүмкін емес. Осының өзінде өмірдің қалтарыс жақтарын елемейтін, тәрбиеде және тұлғаның өзіндік тәрбиесінде рухани құлықтық күйініштердің. тарих пен жеке өмірде бастан өткен оқиғалар- дың мән-мағынасын түсінбейтін пе- дагогиканың келешегі жоқ. Оптимис- тік қабылдау адамның өмірдің ауырт- палықтарына төзуге, оларды еңсеріп жеңіп өтуге дайын болуын қамтып, адамдардың арманшыл көңіл ауанын емес, өмірлік табандылығын бейне- легенде ғана жағымды болмақ. О. – дүниеге үміт көзімен, сеніммен қа- раушылық, үмітсіздіктен аулақ бо- лушылық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *