Мүміндерді тура жолға жетелеуші

Мүміндерді тура жолға жетелеуші

Тура жолды түсіндіру Аллаға тəн. Ол жолдың қисығы да бар.

Егер  Алла қаласа, барлығыңды тура  жолға салар  еді.

(Нахыл сүресі, 9)

Алла кім Өз ризасына үйлессе, оны сол Кітап арқылы есендік жолдарына  салады  жəне  Өз  нұсқауымен  қараңғылықтардан жарық қа шығарып, тұп-тура жолға салады.

 (Мəидə сүресі, 16)

Алланың  нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа, тура жолға салады. Егер олар ортақ қосса еді, əрине, олардың істеген амалдары жойылып  кетер  еді.

(Əнғам сүресі, 88)

Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты  ақылдарын  жұмсамайтындарға  береді.

(Юныс сүресі, 100)

(Мұса): «Раббымыз əр нəрсеге бір бейне беріп, сонан соң оны тура  жолға  салған», – деді.

  (Taha сүресі, 50)

(Мұхаммед ғ.с.) саған  осылайша əмірімізден бір «Рух» (Құран) уахи еттік. Сен (Кітап не? Иман не?) білмейтін едің. Бірақ, Құранды нұр қылып, онымен  құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында, сен тура жолға бастайсың.

(Шура сүресі, 52)

Мүміндердің арасын жарастырушы    

Ал егер олар сені алдауды ойласа, шынында, Алла саған жетіп асады. Өйткені, Ол сондай Алла, сені Өз жəрдемімен жəне мүміндер арқылы  қолдады. Жəне Ол  мүміндердің   жүректерін  қосты. Егер сен жер жүзіндегі нəрселерді тұтас сарып қылсаң да, олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ, Алла олардың  араларын  біріктірді. Расында, Ол өте үстем, аса дана.

(Əнфəл сүресі, 62-63)

 

Түп-түгел  Алланың  жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе  дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның  игілігімен  туысқа  айналдыңдар. Оттан  бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша, Алла  сендерге  аяттарын  тура жолға түсулерің  үшін баян етеді.

(Əли Имран сүресі, 103)

Ал егер олар сені алдауды ойласа, шынында, Алла саған жетіп асады. Өйткені, Ол сондай Алла, сені Өз жəрдемімен жəне мүміндер арқылы  қолдады. Жəне  Ол  мүміндердің  жүректерін қосты. Егер сен жер жүзіндегі нəрселерді тұтас сарып қылсаң да, олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ, Алла  олардың араларын біріктірді. Расында, Ол өте үстем, аса дана.  Ей, пайғамбар! Алла саған  жəне мүміндерден саған ергендерге жетіп  асады.

(Əнфəл сүресі, 62-64)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *