Мүміндерді жақсы көруші
(Мұхаммед ғ.с.) Бастапқы күннен бері тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруыңа тағы лайық. Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді.
(Тəубе сүресі, 108)
Ей, мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла жедел бір қауым əкеледі; Алла оларды жақсы көреді жəне олар да Алланы жақсы көреді.
(Мəидə сүресі, 54)