Мүміндердің істерін жеңілдетуші

Мүміндердің істерін жеңілдетуші   

(Ей, Мұхаммед ғ.с.), Бiз сенің жүрегiңдi (иман жəне Құран нұрымен) кең, жарық етiп қоймадық па? Бiз сенен желкеңдi езiп тұрған ауыр жүгiңдi алып қойдық. Бiз сенің сөзiңдi (мəртебеңдi, абыройыңды) биiк етiп қойдық. Негізінде, ауырлықпен бiрге бiр жеңiлдiк бар. Шын мəнінде, əрбiр қиыншылықпен  бiрге бiр оңай лық  бар.

(Шарх сүресі, 1-6)

Саған оңай болғанды қолайластырамыз.

(Ағлə сүресі, 8)

Ал енді əлдекім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса, жақсылықты  дұрыс  деп  білсе; сонда оның  жолын оңайластырамыз.

(Лəйл сүресі, 5-7)

Негізінен, Алла сендерге жеңілдікті қалайды. Өйткені адам баласы нашар жаратылған.

(Ниса сүресі, 28)

Жəне иман келтіріп, ізгі іс істегендер, негізінде, біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Солар – жəннаттық. Олар онда мəңгі қалушы. 

(Ағраф сүресі, 42)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *