Көмекті Алладан сұрау

Көмекті Алладан сұрау

(Ей, Алла!) Саған ғана құлшылық қыламыз əрі Сенен ғана жəрдем тілейміз!

(Фатиха сүресі, 5)

Егер Алла сендерге нұсрат (жəрдем) берсе, сонда сендерге үстем келуші болмайды. Ал егер Алла сендерді тастаса (жəрдем қылмаса), одан кейін сендерге кім жəрдем етеді? Сондай-ақ мүміндер Аллаға тəуекел етсін. (Риуаят бойынша олжаны ойлап, Ұхыт соғысында қарауылды тастап кеткендерге ескерту).

(Əли Имран сүресі, 160)

Мұса (ғ.с.) еліне: «Ей, елім! Егер Аллаға иман келтірген болсаңдар, сондай-ақ мұсылман болсаңдар, онда Аллаға тəуекел қылыңдар», – деді.  Олар: «Біз Аллаға тəуекел қылдық. Раббымыз, бізді залым елмен сынама» – деді. «Сондай-ақ бізді мəрхаметіңмен қарсы келген қауымнан құтқара гөр!….»  Мұса мен оның туысына: «Екеуің Мысырда елдеріңе үйлер салыңдар да, үйлеріңді намаз орны қылып, намаз оқыңдар. Онымен  қатар мүміндерді сүйіншіле» деп уахи еттік.

(Юныс сүресі, 84-87)

Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (əр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пəксің, бізді  от  азабынан    сақта!», «Раббымыз! Сен  кімді    отқа  салсаң, расында, оны қорладың. Залымдардың еш жəрдемшісі жоқ». «Раббымыз! Біз Раббыларыңа иман келтіріңдер (деп) шақырған шақырушыны естіп, иман келтірдік. Раббымыз! Енді күнəларымызды жарылқап, жамандықтарымызды жасыр. Жəне жақсылармен бірге өлім бер!» «Раббымыз! Бізге елшілеріңе уəде еткендеріңді бер. Сондай-ақ бізді Қиямет күні қорлама. Күдіксіз, Сен уəдеден айнымайсың» (деп тілейді)

(Əли Имран сүресі, 191-194)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *