ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС АЛТЫНШАШ КУРМАНАЕВА

КІТАПТЫҢ АННОТАЦИЯСЫ:

Шығарма кейіпкері Қалтар қарияның немересі Самиян мен оның достары Райлан мен Файз құпия таяқшаның тылсым күшімен сиқырлар әлеміне тап болады. Көптеген таңғажайып оқиғаларды бастан кешіреді. Ақыр соңында Самиян мен достары Райлан мен Файз Самиянның жоғалып кеткен әкесі Райлдың жаны зұлым сиқырлы күш иелерінің әрекетімен таңғажайып автобусқа айналып кеткенін біледі. Бұл олар үшін күтпеген жағдай еді. Олар бар күштерін сиқырлы күш иелерінің шырмауында қалған әкелерінің жанын босатуға арнайды.

Жанры: Фэнтези
Жас шектеуі: + 12
Шығарманың тілі: қазақ тілі
Шыққан мерзімі: 09.06.2020
Жарық көрген жері: Ресей
Баспасы: Издательские решение
Авторы: Алтыншаш Курманаева
Рецензия жазған: Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеттің оқытушысы, ф. ғ. к, Сәбит Жәмбек
 
АВТОР ТУРАЛЫ:

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна — Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Көкшетау қаласы, №14 орта мектебінің, Көкшетау қаласы, Балалар көркем сурет мектебінің және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің түлегі. Сәкен Жүнісов атындағы I облыстық прозашылар байқауының жүлдегері. Мақалалары «Арқа ажары» газеті мен «Ұлағат» журналында жарияланған. Қазіргі таңда Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология бөлімінің студенті және Білім саласына арналған Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті. 

АЛҒЫ СӨЗ
 
Мектеп қабырғасынан бері жазушы болуды армандап келе жатқан қиялшыл қыздың бүгінде утопиялық-арманы орындалды! Ұлы дала әдебиетіндегі фэнтези жанрын дамытуды көздеген, яки, қазақ әдебиетінің алтын байрағын әлемдік әдебиеттің өркениетінде жарық жұлдыздай танытуды өзіңдік мақсат тұтқан, жас талаптың мұраты бүгінде жартылай болса дағы шыңдалды!
Алаштың ежелгі мифологиясын қазіргі заманмен ұштастыра отырып, әдебиетіміздің қайнар бұлағына жаңашыл фэнтези жанрындағы көркем туынды сыйлауды қиялдаған қыздың кітабы бүгінде шетелдік кітап сату дүкенінде жарық көрді! Құрметті, фейсбуктағы достарым, кітабымды сайт дүкенін оқып, өз бағаларыңызды берсеңіздер мен қатты қуанып қалар едім! Бұл-менің әдебиетті дамытудағы парызымды орындай алғанымды білдерер деп ойлаймын. Менің экзистенциялық талабым-өз атымды паш ету емес, қазақ әдебиетіне өзіңдік үлес қоса алатын мықты жазушы болу!
 
Мақсатшыл қыздың тілегін орындауға көмектескен, қолдаған барша жандарға шексіз алғысымды білдіремін! Әсіресе, ата-анам мен бауырларыма рақметімді айтамын! Сонымен қатар, арманымды таптамай, тілегімді жарылқай, өз қолдау-үмітін аямаған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты – Ахат Нұртас Ахатұлына, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты – Сәбит Жәмбек ағайға, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқтытушысы, филология ғылымдарының докторы – Ерболат Баятұлы ағайға, филология ғылымдарының магистрі, ардақты ұстазым – Қуаныш Қожабайұлына және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің һәм Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы – Аян Төлегенұлына, аяулы ұстазым Қуаныш Оспан ағаға, Нұрболат Әлменов ағаға, Бақытбек Бекмұратұлы ағаға, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мақтанышы, өз ісінің білгірі, тілі мен ой орамы өткір, шебер ұстаз, мықты педагог – Тілек Батырханқызына, Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы, Әсел Қайроллақызына, Балкүміс Байжанқызына, Ботагөз Қамантайқызына, Айнагүл Елемесқызына, Әлия Заманбекқызына, Оралсын Қалиқайдарқызына, Данагүл Нұртайқызына, Әйгерім Ермекқызына, Гүлжанат Нұрмағамбетқызына, Тойындық Молдағалиқызына, Гүлдарай Ахметбекқызына, Диана Оралқызына, Балым Серікқызына, Қарагөз Серікқызына, Айсұлу Сенбіқызына, Майра Қанапиянқызына, Мария Даханқызына, Тілеуқабыл Иманбайұлына үлкен алғыс айтамын! Көп рақмет сіздерге! Жас өркеннің талабын нұрландыра түскендеріңіз үшін!
 

Жеке алғысымды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жазушысы, философия ғылымдарының докторы, ғалым, қарымды қаламгер – Нұрдәулет Ақыш ағаға, Л.Н. Гумелеев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы – Қайырбек Кемеңгер ағаға, Л.Н. Гумелеев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы – Раушан Иманжүсіп апаға, мықты фэнтезист, жас жазушы – Зәуре Төрехан ханымға зор құрметпен білдіремін! Көп рақмет сіздерге! Сіздерге деген айтар алғысым шексіз!
Кітап туралы толық ақпаратты төмендегі берілген сілтемелерден өту арқылы біле аласыздар! Алдын ала рақмет!

https://ridero.ru/books/ta_azhaiyp_avtobus/

https://www.litres.ru/altynshash-kurmanaeva/tan-g-azhayyp-avtobus-fentezi/

https://kk.bookmate.com/authors/W1RxWQLF

https://www.livelib.ru/work/1004726587-taazhajyp-avtobus-fentezi-altynshash-kurmanaeva

https://mybook.ru/author/altynshash-kurmanaeva/taazhajyp-avtobus-fentezi/read/?page=1

https://aliexpress.ru/item/1005001938691897.html?&sku_id=12000018165389735

Құрметпен,

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология бөлімінің студенті Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *