Асқынөткізгіштік магнитметр – әсері Джозефсон эффектісіне негізделген асқынсезімтал магнитметр.
Магнитстатикалық магнитметр аспабы өлшенетін магниттік өрістің (Нөлш) магниттік моменті М тұрақты магнитпен әсерлесуіне негізделген.
Электрлік магнитметр өлшенетін магниттік өрісті (Нөлш) эталондық орамның өрісімен салыстыруға негізделген Н—kі, мұндағы k – орамның тұрақтысы, і – өлшенетін ток. Нөлш-ты эталондық соленоидтың өрісімен (Н) салыстыруға негізделген прибор: Н=kі, мұндағы k – соленоид тұрақтысы, і – өлшенетін ток негізінен геомагнит өрісінің құраушылары өлшенеді.
Индукциялық магнитметр – электрмагниттік индукция құбылысына, өлшеуіш орамның контуры арқылы өтетін магниттік ағынды (Ф) өлшеу кезіндегі өлшенетін орамда электрқозғаушы күштің пайда болуына негізделген.
Кванттық магнитметр – ядролық магниттік резонансқа, электрондық парамагниттік резонансқа, сыртқы магнит өрісіндегі ядролардың не электрондардың магниттік моменттерінің еркін прецессиясына Мейснер эффектісіне, Джозефсон эффектісіне т.б. эффектілерге негізделген аспап. Мұнымен әлсіз магнит өрісінің кернеулігі өлшенеді, сондай-ақ олар геологиялық барлауда, магнет-химияда кеңінен пайдаланылады.
Гальванимагниттік магнитметр – магнит өрісінде (Нөлш) қозғалған электр зарядтың траекториясының Лоренц күші әсерінен ауытқу (қисаю) құбылысына негізделген аспап. Мұндай магнитметрлер Холл эффектісіне, Гаусс эффектісіне негізделген.