8. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
§ 79. Жеке сөздердің басқы әріптерінен құралып қысқарған сөздер бас әріптермен жазылады, ол әріптердің ара-арасына ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ (Америка Құрама Штаттары), ҒА (Ғылым академиясы).
§ 80. Алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен қысқарып жасалған сөздің алғашқы қысқарған буынының бірінші әрпі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылып, кейінгі әріптер бас әріппен жалғастырылып жазылады: КазТАГ (Қазақ телеграф агенттігі), КазМУ (Қазақ мемлекеттік университеті).
§ 81. Буындардан және буын мен тұтас сөз араласып қысқарған сөздер кіші әріптермен бірігіп жазылады: ауатком, Түрксіб.
§ 82. Адамның аты-жөні (көбінесе өз есімі мен әкесінің аты) қысқартылып, бас әріппен белгілегенде, әр әріптен кейін нүкте қойылады : А.С.Пушкин, М.Горький, М.О.Әуезов, С.Мұқанов.
Р.Сыздықова