КРИСТАЛДАР АҚАУЫ – кристалдық торлардың идеал қайталанбалы атомдық құрылымынан кез келген ауытқуы. Кристалдар ақауы атомарлық немесе макроскопиялық масштабта бола алады. Бұл ақау кристалдану үрдісі кезінде жылулық әсерлердің, механикалық және электрлік әсер ету нәтижесінде, сондайақ нейтрондармен, электрондармен, рентгендік және ультракүлгін сәулелермен әсер еткенде және қоспалар қосылған жағдайда пайда болады. Кристалдар бе- тінде нүктелік ақау, сызықтық ақау пайда болады. Тағы бір ақау көлемдік ақау да кездеседі.
Қарапайым нүктелік ақау – вакансия болып табылады – мұнда кристалдық тордың түйіні бос қалады. Кристалдарда бөгде атомдардың болуы да мүмкін. Кристалдардың өсуі және пластикалық деформациясы кезінде сызықтық ақау- лар – дислокациялардың пайда болуы мүмкін. Көлемдік ақауларға вакансия- ның шоғырлануы; кеуектер мен арналар түзуші бөгде фазалар, газ көпіршік- тері, дислокацияға қоспалардың шоғырлануы т.б. жатады. Ақаулар кристалдар- дың құрылымдарында серпімді бұрмалаулар тудырады, жұтылу спектрлеріне және люминесценцияға, жарықтың кристалдарда шашырауына т.б. әсер етеді.