КРИЗИСТІК ТОК

КРИЗИСТІК ТОК, асқынөткізгіштердегі – асқынөткізгіш үлгідегі электр тогы артқан кезде тұрақты өшпейтін электр тогының асқынөткізгіштік емес қалыпты күйге ауысатын шекті мәні. Заттың қалыпты күйінде кризистік токтың шекті электр кедергісі болады, ауысудан соң үлгіні қыздыруға әкеп соғатын ток энергиясының шашырауы (диссипациясы) туады. Магнит өрісінің ену тереңдігінен едәуір үлкен өлшемді І текті ауыр өткізгіштерде кризистік магнит өрісі өткізгіштердің бетінде тудыратын кризистік токқа сәйкес болады. Осы жағдайда заттың бір бөлігі қалыпты күйде, ал өзге бөлігі – асқынөткізгіштік күйге ауысады. Ток болған кезде асқынөткізгіш және қалыпты жағдайдағы аймақтар арасындағы шекарада қозғалыста болады. Мейснер эффектісі бойынша магнит өрісі айнымалы болады және өткізгіштегі энергияның шашыратылуына (диссипациялануына) себеп болатын индукциялық электр өрісі пайда болады.

ІІ текті асқынөткізгіштерде кризистік токтың екі мәні болады. Кризистік ток- тың 1-мәні кезінде идеал асқынөткізгіште (кристалдық торларда ақаулар болмайтын) магниттік индукция нөлден өзге мән болады, магнит өрісі асқынөткіз- гішке енеді. Нақты ІІ текті асқынөткізгіште (кристалдық торларында ақаулар болатын) омдық кедергі пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *