КРИЗИСТІК ТЕМПЕРАТУРА

КРИЗИСТІК ТЕМПЕРАТУРА – 1) кризистік күйдегі заттардың температурасы. Жекелеген заттар үшін кризистік температура тепе-теңдіктегі сұйық пен будың арасындағы физикалық қасиеттердің айырмашылықтары жойылатын кез- дегі температура ретінде анықталады. Кризистік температура кезінде қаныққан бу мен сұйықтың тығыздықтары өзара теңеледі. Сол себепті бу түзуші жылу нөлге тең болады. Кризистік температура – заттардың физикалық-химиялық тұрақты шамалардың (константтардың) бірі. Қос жүйелерде (мысалы, пропан – изопентан) сұйық-бу тепе-теңдігінде бір ғана кризистік температура емес, кеңістіктік бірнеше кризистік температура болады, оның шеткері нүктелері таза компоненттердің кризистік температуралары болып табылады. 2) Шектеулі еритін компоненттері болатын сұйық қоспаларда олардың өзара шектеусіз еруі баста- латын температура; бұл температура ерудің кризистік температурасы деп атал- ған. 3) Бірқатар өткізгіштердің асқынөткізгіштік күйге ауысу температурасы.

Таза металдардағы ең төменгі кризистік температура – вольфрамда (W) ~0,01

К-ге тең, ең жоғарғы кризистік температура Тк ≈ 23К – Nb3Ge қорытпасында. Тепе-теңдік қалыптағы сұйық пен оның буының арасындағы айырмашылық жойы- латын температура. Газдарды сұйылту үшін, оларды кризистік температурадан төмен температураға дейін салқындату керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *