КРИЗИСТІК ОПАЛЕСЦЕНЦИЯ (латынша «опал – әйнектәрізді минерал + «есентиа – әлсіз әсер») – жарықтың таза заттардың кризистік күйлерінде, сондайақ сұйықтар немесе газдардың ерітінділерінің ерітілуінің кризистік нүктелеріне жеткен кезде кенеттен күшеюі. Кризистік опалесценцияны 1907 жылы поляк фи- зигі Мариан Смолуховский (1872 – 1917) түсіндірген; кризистік температура кезінде заттың сығылғыштығы күшті артады, соның салдарынан заттың бөлшектерінің жылулық қозғалысының энергиясы тығыздықтың микроскопия- лық кездейсоқ ауытқуларының санының «кенеттен» күшті арттыруға жететін болады. Осының нәтижесінде орта кризистік температурадан жоғары және кіші болған кезде іс жүзінде кризистік күйде болады.