КРИЗИСТІК МАССА – ыдырайтын заттардың (Уран-233 (233U) және уран-235 (235U) және плутоний-239 (239Рu) және басқа заттардың) тізбекті ядролық реак- циясы басталатын ең аз массасы. Уран-233-тің кризистік массасы ~48 кг-ға тең.
КРИЗИСТІК НҮКТЕ – күй диаграммасындағы кризистік күйге сәйкес келетін нүкте. Екі фазалы сұйық-бу тепе-теңдігіндегі кризистік нүкте булану қисық сызығындағы ақырғы нүкте болып табылады және де температураның (Тк), қысымның (рк), көлемнің (Vk) кризистік мәндерімен сипатталады. Кризистік нүк- те фазалық ауысудың дербес жағдайы болып табылады және де заттардың тығыздығы немесе құрамы бойынша термодинамикалық тұрақтылықтың жойылуымен сипатталады. Кризистік нүктенің бір жағындағы зат біртекті (Т>Тк бол- ған кезде), ал екінші жағында тепе-теңдік фазаларға жіктеледі.