КОГЕРЕНТТІЛІК (латынша «когеренс – байланысып тұрған») – бірнеше тербелмелі немесе толқындық үрдістердің (процестердің) қабаттасуы кезінде олардың уақыт бойынша және кеңестікте үйлесімді өтуі. Егер тербеліс фазаларының айырымы уақыт бойынша тұрақты (немесе бір заңдылықпен өзгеретін болса) және тербелістер қабаттасқан кезде қосынды тербелістің амплитудасын анықтайтын болса, онда тербелістер когерентті тербелістер деп аталады. Бірдей жиіліктегі екі гармониялық (синусондалық) тербеліс әрқашан когерентті болады. Когеренттілік электрмагниттік толқындарда да байқалады.
Уақыттық когеренттілік – уақыттың әрқилы сәтінде бірдей тербелістер арасында болатын когеренттілік.
Кеңістіктік когеренттілік – кеңістіктің бірқатар аймағында болатын когеренттілік.