КОГЕЗИЯ (латынша «когезус – байланысқан, ілініскен») – бірдей денелер бөліктерінің молекуларалық өзараәсерлесу, сутектік байланыстар және денелер молекулаларының (атомдардың, иондардың) құраушыларының арасындағы химиялық байланыс күштерінің әсерінен пайда болатын әрі дене бөліктерін аса берік тұтастырып біріктіретін ілініс. Когезия күштері арақашықтық артқан сайын кемиді, газдарда бұл күштер әлсіз, ал қатты денелерде күшті болады.