КЛИСТРОН [(грекше «клизо – соғамын» + (электр) трон] – аса жоғары жиілікті тербелістерді күшейтуге және тудыруға арналған электрондық аспап. Клистрон тура өткізгішті (қосрезонаторлы және көпрезонаторлы) түрлерге ажыратылған.
Асашағын шағылыстырғыш клистрон – м и н и т р о н деп аталған.
Қосрезонаторлы тура өткізгішті клистронның әсер принципі мынадай: катодтан (К) шығатын электрондар электр өрісімен үдетіліп екі көлемдік резонатор (Р1 және Р2) арқылы ұшып өтіп коллекторға (А) түседі (1-сызба). Электрондар ағыны бірінші резонаторда (Р1) жылдамдық бойынша модуляцияланады. Екінші резонаторда (Р2) қоздырылған электрмагниттік тербелістер электрондарды тежеген сәтте осы резонаторға ұшып келіп енген электрондар ұйысып топталады. Осының нәтижесінде электрондардың тұрақты
кернеу көзінен алған энергиясы электрмагниттік |
1-сызба. Екі резонаторлы клистронның сұлбасы
|
өрістің энергиясына түрленеді де электрмагниттік тербелістерді күшейтеді. Егер қос резонаторлы клистрон күшейткіш ретінде жұмыс істейтін болса, онда күшейтілуге тиісті тербелістер бірінші резонаторға (Р1) жіберіледі де екінші резонатордан (Р2) алынады. Генераторлардағы екі резонатор асажоғары жиілік бойынша өріспен байланысты болады.
Шағылдырғыш клистрон аз қуатты (<1 Вт) генератор ретінде қолданылады; мұндағы электрондар резонатордан
2-сызба. Шағылдырғыш клистронның ұшып шығып тежеліп шағылдырғыштың сұлбасы
өрісінен шағылып қайтып келеді
(2-сызба). Бұлар ұйысып топталып резона-
тордан екінші рет өтуі кезінде тежеледі де энергиясын электрмагниттік өріске береді. Шағылдырғышта кернеуді өзгертіп, шығару жиілігін белгілі бір шекте реттеуге болады. Клистрон жиілігі 2·102 Г Гц (Гига Герц) тербеліс шығарады.