КЛАССИКАЛЫҚ ФИЗИКА

КЛАССИКАЛЫҚ ФИЗИКА (латынша «классикус – үлгілі, ең үздік»). Физика ғылымының біздің заманымыздан бұрынғы (б.з.б.) VI ғасырынан бастап атомның бөлінбейтін бөлшек екеніне күмән тудырмайтын кезеңге дейін дамытылған жетістіктер – классикалық физиканың үлесіне жатқызылған. Осы кезеңнің басында ежелгі грек философы Демокрит [(б.з.б.470(460) – 370 (ұзақ жасаған)] материяның атомдардан (грекше «атом – бөлшектенбейтін бөлшек» деген сөз) құралатыны туралы идеяны қолдаушылардың алғашқыларының бірі болды. Одан кейінгі кезде грек философтарынның тағы біреуі Эпикур (б.з.б. 341 – 270) және біздің заманымыздан бұрынғы І ғасырда ғұмыр кешкен грек философы Лукреций (б.з.б. І ғасырда) де атом жайындағы идеяны қолдады. Осылай басталған классикалық физика кезеңінде табиғат туралы ғылымның салалары дамытылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *