КИРХГОФ ЕРЕЖЕЛЕРІ

КИРХГОФ ЕРЕЖЕЛЕРІ – тұрақты немесе квазитұрақты токтың тармақталған тізбегіндегі ток пен кернеуге арналған қатынастарды тұжырымдайтын ережелер. Бұл ережелерді 1847 жылы неміс физигі Густав Кирхгоф (1824 – 1887) ұсынған. Б і р і н ш і е р е ж е (а-сызба) зарядтың сақталу заңынан туындаған, ол былай тұжырымдалады: бір нүктеде тоғысқан өткізгіштердегі токтардың (Іk) алгебралық қосындысы

௟ нөлге тең, яғни ܫІk= 0, мұндағы l – түйінде (нүктеде) тоғысқан өткізгіштердің саны. Тармақталған тізбектің ௞ୀଵ кем дегенде үш өткізгіш тоғысатын кез келген нүктесі т ү й і н деп аталған. Түйінге кіретін токтың бағыты оң деп, ал одан шығатын токтың бағыты теріс деп саналады. Е к і н ш і е р е ж е (б – сызба) өткізгіштердің тармақталған тізбегінің (k учаскесіндегі кедергісі – Rk) кез келген тәуелсіз тұйықталған контурының жеке бөліктеріндегі кернеулердің түсулерінің (ІkRk) алгебралық қосындысы, осы контурдағы электр қозғаушы

                                       ݉                                                                 ݉

күштердің (ࣟk) алгебралық қосындысына тең: ෍ lkRk = k мұндағы m – тұйық контурдағы жеке бөліктердің саны (сызбада ܴൌͳ ܴൌͳ m = 3, ࣟ2 = 0). Егер токтың бағыты контуры сағат тілінің жүрісінің бағытымен айналатын болса, ал электр қозғаушы күші (ЭҚК) осы айналу бағыты бойынша потенциалды арттыратын болса, токтардың және электр қозғаушы күштің (ЭҚК) бағыттары оң деп есептеледі, қарама-қарсы бағыттар кезінде токтар мен ЭҚК теріс болып есептеледі.

Кирхгофтың ережесі тұйық тізбектің әртүрлі учаскелеріне Ом заңын қолдану нәтижесінде шығады. Бұл ереже күрделі электр тізбегін есептеуге мүмкіндік береді, мысалы, егер тізбектің барлық учаскесінің кедергісі мен оның барлық учаскесінің электрқозғаушы күші (ЭҚК) белгілі болса, өткізгіштердің кез келген тармақталған жүйесіндегі ток күші және оның бағыты анықталады. Бірінші ереже негізінде n өткізгіштен, r түйіннен құралған жүйе үшін r – 1 теңдеу құрылады (соңғы түйінге арналған теңдеу тәуелсіз болмайды, алдыңғы теңдеуден екінші ереже негізінде тұйық контур үшін n (r-1) теңдеу туындайды; осы соңғы теңдеуге n өткізгіштің әрбіреуі ең болмағанда 1 рет енуі керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *