XV республикалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» XV республикалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

🏆2021 жылдың 18-28 қаңтар аралығында қазақ тілінен өзге ұлт өкілдері болып табылатын 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық олимпиадасы өтті.

🏆Қашықтан өткен олимпиаданың алғашқы кезеңіне 9 579 оқушы қатысып, олардың 145-і қорытынды кезеңге жолдама алды.

🏆Олимпиада қорытындысы бойынша 53 қатысушы жүлдегер атанды.
І дәрежелі дипломдармен – 9 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен – 16 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен – 28 оқушы марапатталады.

🎉Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!

@edu_news_qz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *