Қазақстандық колледждерге академиялық дербестік беріледі
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
💬«Колледждерге академиялық дербестік беріледі. Аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге білім сапасын арттыруға, оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сол арқылы түлектер тезірек жұмысқа орналаса алады», – деді министр.
@edu_news_qz