2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдар беретін болады. Бұл не береді және жалған дипломнан қалай қорғануға болады?
📍Жеке үлгідегі дипломдар жұмыс берушілерге маман даярлау сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
📍Дипломдарда жоғары оқу орны, білім беру бағдарламасының атауы, бітірушінің деректері, оқыту нысаны көрсетілуі тиіс. Берілген дипломға дербес жауапты болатын ректордың қолы болуға тиіс.
📍Әр дипломда БҒМ жасаған бірегей сәйкестендіру нөмірі болады.
📍«Білім туралы» заңына сәйкес әр дипломда қорғаныс белгілері болуы керек.
📍Жоғары оқу орнының осы оқу орнында оқымаған, білім беру бағдарламасын аяқтамаған адамға диплом беруі лицензиядан айыру және аккредиттеуді кері қайтарып алу үшін негіз болады.
📍Жеке үлгідегі дипломдарды қолдан жасау ресми құжаттарды қолдан жасау болып саналады. Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.
🔗Толығырақ Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленовтің парақшасынан оқи аласыздар.
@edu_news_qz