Жеті буынды өлең

Жеті буынды өлең. Академик Корш былай деп жазды: «Мейлінше ықшам, мейлінше мол тараған, түрік жазу-сызуының тіпті көне ескерткіштерінен кездесетін жеті буынды өлеңді хронологиялық жағынан, сірә, бар өлеңнің басы деп білген жөн болар»[1]. Дәл осындай пікірді академик Гордлев ский де айтты: «Түрік нәсілдес халықтардың бәріне жаппай таралуына қарағанда, жеті буынды өлең түрік әнінің ең негізгі және ең ескі өлшемі тәрізді»[2]. Осы тұжырымдар тегін емес.

Қыпшақ тілінің әлемге әйгілі тарихи ескерткіші «Кодекс куманикустың» 1303 жылы көшіріліп алынған текстінің 1880 жылғы Будапешт басылымында мынадай жұмбақ өлеңдер бар:

 

              4                3

/Kockar muzi/ /kojurmak/

             4                  3

/Kojurimakdan/ /kojur-іг/

              4          3

/Tege musi/ /tjyrmak/

           4                 3

/Tiyrmnakdan/ tiyrmak/

Егер біз қазақ тілі түрік нәсілдерінің қыпшақ тобына қосылатынын мойындасақ, қыпшақ сөздігіндегі өлеңнің мынадай 7 буынмен жазылуын тағы да тегін дей алмаймыз.

Қазақтың тума, төл әдебиетіне келсек, оның фольклорлық үлгілеріндегі 7 буынды жырдан аяқ алып жүре алмайсыз. Өлеңді мақалдар мен мәтелдердің, нақылдар мен жұмбақтардың көбі 7 буынды болып келеді және бұл өлшемнің ырғағы әр күйге бір түсіп, құбылыл тұрады.

Батырлар жырының көптен-көбі жеті буынмен жазылған. Ақпа-төкпе жыраулар, суырып салма ақындар – бәрі де жыр жырлаған. Ал жыр үлгісінің жазба әдебиетіміздегі жетілген, ұстарған түрі әрине, Абайда бар.

[1] Корш Ф. Древнейший народный стих турецик племен. СПБ, 1906. стр. 26

[2] Гордлевский В. Из наблюдений над турецкой песнью. «Этногра¬фическое обозрение»,1908. кн. 79. № 4, стр. 69.

З.ҚАБДОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *