ҚҰЛТЕМІРДІҢ МАХАББАТЫ | ӘҢГІМЕ

3056 жыл. Хасіл ғаламшары. Құлтемірлермен болған қанды соғыс. Адамдар құлтемірлердің жойқын шабуылынан қорқып, оларды түгел дерлік қырып тастаған. Майор Орасан бастаған топ құлтемірлердің жойылғандығына көз жеткізу үшін Хасіл ғаламшарын кезіп жүр. Оның жанында жомарт да жас адьюдант Азат бар. Күл-қоқыстардың арасынан бір де бір құлтемірдің жыбыры не ізі байқалмайды. Тоқтаңыздар! Азат құлтемірдің баласын көрді! Екі көзі ғауһардай жарқыраған кішкентай құлтемір қоқыс үйіндісінің артына барып тығылды да, ыңылдап қоя берді. Құлтемірлердің қанды қаңқасына оралған қоқыс төбешігінің жаңына Азат келіп, құлтемірдің баласын іздеді. Ол қанға балқыған құлтемір анасын құшақтаған кішкентай құлтемірді көрді. Денесі аяқ-қолынан ажыратылған құлтемір-ана сызды жерде баласын жұбатып жатыр. Көмір қара жердің үстінде түрі адамнан аунымайтын құлтемір бала анасының басынан сипап, көмекке шақыруда. Өз көзімен көрген аянышты көрініс Азаттың жүрегін елжіретіп, жасаған ісіне өкінуге әкелді. Азат мөлтілдеген жаспен, құлтемір баланың қасына барып отырды. Құлтемір-ана Азатқа қарап:

  • Өтінемін, менің баламды құтқарыңызшы. Ол сіздерге риясыз қызмет ететін болады! Өтінемін! – деп ақты демі таусылғанша өтініш айтумен болды.

Әңгіменің жалғасын  https://kk.bookmate.com/books/C05fircb сайтынан оқи аласыздар.

Ескерту! Материалды көшіруге тыйым салынады! Авторлық құқықты сақтаңыз! Материалды тек автор келісімімен жариялауға болады! 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА,

Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінің

филология бөлімінің 1 курс студенті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *