ТЕАТР ҚҰБЫЖЫҒЫ | ӘҢГІМЕ

«Үміттің сергелдең қақпанына түсіп, қорқынышқа арқа сүйей отырып, мен сенің бархыттай нәзік қолынды сұраймын», –

деп  «Театр құбыжығы» іштегі

сенімнен күдер үзбеді.

    Өткенге өкінудің еш пайдасы да  жоқ. Бірақ мені өткен емес, жаралы жүрегімдегі кекшіл сезім өртейді. Театр құбыжығы атанған сәтім мандайыма жазылған қарғыс таңбадай болды. Бұл таңбаны кімдер һәм қашан қойды дейсіздер ме? Сіздер! Менің «Театр құбыжығы» болуым тек сіздердің айыптарыңыз! Естеріңізде жоқ па? Ал мен сіздердің естеріңізге түсірейін…

         Сол жылы сарша тамыздың жалпақ кезі. Анам дүниеге шекесі торсықтай егіздерді алып келді. Алайда, олардың егіз екенін жалғыз әкем білуге тиіс еді. Түнгі үш жарымда емхана дәрігері әкеме жалғыз сәбиді ұстатты. Бұ кезде туған анам ес-түссіз палатада жатқан болатын. Әкем сәбидің сыңары қайда деп бас дәрігерден сұраса, әлгі дәрігер басын  төмен түсіріп, кешірім сұрайды. Ызаға булыққан әкем дәрігерге сұрақты адуындап қойып, желкесінен жұдырықтап ұстай жөнеледі. Сонда дәрігер әкемнің қаһарынан, анамның уайымынан қорқып, медбикеге баланы алып келуін көзбен бұйырады. Егіздің сыңарын бауырына басқан медбике дәрігер мен әкемнің жаңына адымдап келеді де, сәбиді жыламсырап көрсетеді. Бас дәрігер әкеме баланы бермес бұрын сабырлы да салмақты үнмен:

  • Мырза, өзіңізді қолға алыңыз! – дейді де әкемнің жауабын күтеді.

         Ұсқынсыз балапанды қолына алған әкем өз-өзіне  біраз келе алмай, бас дәрігерге баланы қайтарып береді. Әке мен баланың қауышу сәтінің қайғылы аяқталатының сезген дәрігер баланы медбикеге табыстап, басқа палатаға апаруын өтінеді де әкемді тыныштандырмақ болады. Табиғатынан қатал әкемнің мінезі оған жіби қоймайды. Ол егіздің сыңарының ұсқынсыз екенін көргенде, одан лезде құтылуға асығады. Дәрігер әкемнің өтініші бойынша, менің анама: «Егіздің сыңары өлді», –  деп жеткізеді. Анам қос сәбидің дауысын естігендігін әкем мен дәрігерге айтып, қанша ақталса дағы, олар жомарт анамның сөзіне құлақ аспайды…Сымбатты ағам анам мен әкемнің шексіз махаббатына ие болып, отбасының бақыты мен базарына айналады. Ұсқынсыз іні дүниеге алғаш келген сәтінен қоғамнан шеттетіледі. Бейшара ұсқынсыз баланың тағдыры тар жол, тайғақ кешулерге толы болады. Оны қоғамның жазасынан құтқарар жалғыз адамдар –  асырап алған отбасысы еді.

Әңгіменің жалғасын  https://kk.bookmate.com/books/jUXS6UcP сайтынан оқи аласыздар. 

Ескерту! Материалды көшіруге тыйым салынады! Авторлық құқықты сақтаңыз! Материалды тек автор келісімімен жариялауға болады! 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА,

Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінің

филология бөлімінің 1 курс студенті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *