ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУГЕ
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҺАНДАНДЫРУДЫҢ ӘСЕРІ

Сатанова Ү.Р.-ҚарМТУ студенті (ФЭМ-14-1) Ғылыми жетекші-аға оқытушы, ЖакбаеваА.Х.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУГЕ
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҺАНДАНДЫРУДЫҢ ӘСЕРІ


Өндіріс құралдарына жеке меншік басымдық ететін мемлекет, әрине, орталықтандырылған макроэкономикалық жоспарлаусыз–ақ өмір сүріп серпінді дами алады, бірақ та соған қарамастан, монетаризммен тең дәрежеде жоспарлауды сақтау және оны одан әрі дамыту үрдісі көрініс беретін болады. Енді, нарықтық экономика жағдайында жоспарлаудың қажеттілігін және оның мүмкін екенін туғызатын себептерді қарастырып көреміз.
Жоспарлауға деген қажеттілікті туғызатын факторларға мыналар жатады:
1) еркін нарық тетігі. Кейнс теориясына сәйкес, ЭМР көмегімен өндірістің, жалпы табыстың, жұмыспен қамтудың, инвестициялардың және т.б. циклдік ауытқуларын жою қажет;
2) кірістер деңгейінің өсуіне қарай жиынтық тұтынудағы қоғамдық тұтыну (ұйымдық қажеттіліктер) үлесінің ұлғаюы;
3) қоршаған ортаның ластану жағымсыз зардаптарын жоюда ИРС–қа деген үлкен қажеттілік;
4) стратегиялық қызмет ауқымдарының күрделенуіне қарай нарық агенттері арасында технологиялық байланыстардың күрделенуі;
5) көптеген ондаған жылдар бойы елдер арасындағы экономикалық жарастың өмір сүруі. Сондықтан да, мысалы, Жапония, Қытай сияқты бірсыпыра елдер,өздерінің экономикасын жоспарлаудан экономикалық өсуге қол жеткізген артықшылықтарды көреді;
6) адамдардың әртүрлі топтары мен топтардың келісімі. Жалдамалы еңбек жасайтын тұлғалардың осы замаңғы бірлестіктері, мемлекеттің араласуынсыз оны шешу мүмкін емес әлеуметтік проблемаларға осындай талаптар ұсынады;
7) саяси және табиғи катаклизмалар.
Жоспарлауды жүзеге асыру мүмкіндігін алдын–ала айқындайтын факторларды қарастырып көреміз:
– жоспарлау кезінде, үкіметтің өзі иелік ете алатын ресурстарының үлесі ұлғаяды;
– адамдар мен кәсіпорындардың ұйымдасу деңгейінің жоғарылығы экономиканың дамуына оң ықпал етуге және әртүрлі агенттер іс– қимылдарының келісімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
– дағдарыстық жағдайлар уақытында құрылған жоспарлаушы органдар, келеңсіз жағдайларды жойғаннан кейін де өмір сүруін жалғастырады;
– статистиканың осы заманғы дамуы бақылау жасаудың жаңа щеңберін құру жолы бойынша жүреді, ақпараттар сапасына жоғары талаптар қояды;
– басқаруды компьютерлендіру экономиканы дамытудың әртүрлі нұсқаларын әзірлеуге және осыған дейін мүмкін болмаған жоспарлар мен болжамдар жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Жаһандандыру процесі, яғни ұлттық шаруашылықтар мен ұлттық экономикалар нарықтары арасындағы кедергілерді жою, дүниежүзілік экономиканың дамуындағы жаңа құбылыстардың бірі болып саналады. Халықаралық экономикалық тәртіп электронды желілермен жоғары ықпалдасқан, біріккен жүйеге айналады. Белсенді мемлекетаралық асауда қатынастарынан өзге, сондай –ақ қаржы нарықтарының өзара іс –қимыл жасауы жүреді.
Жаһандандыру мемлекеттерді біріктіреді, ал жергілікті бірігу (локализация) ел ішіндегі күштердің балансын өзгертеді. Жеке компаниялар өзінің тиімділігін арттыру және өнімдер өткізу нарықтарын кеңейту үшін ықпалдасады және бірігеді.
Жаһандану мәселелерімен бір мезгілде батыстың экономикалық теориясында жергілікті бірігу (локализация) проблемасына маңызды түрде назар аударылған. Жаһандану, үкімет ұлттық институттардан жоғары тұрған институттар арқылы келісімдер жасауға ұмтылатындығын болжайды. Жергілікті бірігу, ұлттық үкіметтер субұлттық институттар арқылы кірістерді ұлғайтуда жауапкершіліктерді бөлісу сияқты мәселелер бойынша өңірлерімен және қалалар мен келісуі тиіс екенін білдіреді. Жаһандануда сол сияқты жергілікті бірігу де, бірде-бір ұлттық үкімет жиі түрде бөлек қабылдай алмайтын шешімдерді талап етеді.
Жаһанданудың оң, сол сияқты теріс жақтары бар. Оның басты оң мүмкіндіктерінің бірі — бұл нарықтарға өту мүмкіндігін кеңейту, жаңа технологиялар беру, осы айтылғандар еңбек өнімділігінің өсуіне және өмір деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Оның жағымсыз тұстары — ұлттық шаруашылықтың тұрақты еместігінң күшеюі, трансұлттық корпорациялардың үлкен тәуелділігі, әлеуметтік аядағы маңызды көлемдегі қажетсіз өзгерістер. Шетел капиталының үлкен әсерінің салдарынан экономиканың нақты секторына нұқсан келтіруден өзге, жаһандану ұлттық шаруашылықтың банк секторына қысым жасауға әкелуі мүмкін.
Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *